Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

Қазгидромет Алматы қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"10 ақпанда Алматы қаласында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.

Еске салайық, 9 ақпанда да бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!