Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

Алматы тұрғындарына ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"27 қаңтарда Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана, Қостанай қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.

Еске салайық, 26 қаңтарда да бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget