Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

Алматы тұрғындарына ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"6 қаңтарда Балқаш, Қызылорда, Алматы қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

Алматыда 6 қаңтарда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде ауа температурасы -3...-5 градус, күндіз +2...+4 градус болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget