Алматы тауларында жаңа аспалы жол салынады

Алматы тауларында жаңа аспалы жол салынады
Фото: Видео кадры

Алматы тауларында төрт шақырымға жуық биікте жаңа аспалы жол салынады. Нысан әлемдегі осы тектес құрылыстардың ішіндегі ең күрделісі болуы әрі ұзындығы жағынан үштікке енуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Чкалов шыңына баратын желі "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының 3200 метр биіктегі ең жоғарғы нүктесінен басталып, шамамен 3800 метрде аяқталады. Мамандар мен жабдықтар тікұшақтар арқылы жеткізіледі. Жобаны үш жыл ішінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, "Шымбұлақта" S-5 тау шаңғысы аспалы жолы салынып жатыр. Құрылысшылар бетон жұмыстарын аяқтап үлгерген. 

"Құрылыс маусымы - 3-3,5 ай. Соған байланысты мердігер ұйымдар қысқа мерзім ішінде ауқымды коммуникация желілерін тартып, жабдықтарды монтаждап, сапасы ұзақ жылға жететін бетон құйып, шаңғышыларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек", - деді Almaty Tau Management басқарма төрағасының орынбасары Александр Руденко.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget