Kezdesu-дің кезекті қонағы - танымал әнші Мұхтар Ханзада. Өнер иесі сұхбат барысында ең үлкен қорқынышы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің сөзінше, көбіне ұшақпен ұшуға қорқады.
"Фобиям - ұшақ. Баяғыда ұша беретінмін, кейін қорқып қалдым. Алматыға жақын жерден болса (шақырту болса - еск), қуана-қуана қабылдаймын. Ақтау, Атырау десе, ойланып барып қабылдаймын. Баяғыда ұшақ құлаған еді ғой. Сол ұшаққа бізге билет алынған. Астанаға ұшып, әрі қарай Қостанайда жастар форумына қатысатын болғанбыз. Әкім келмейтін болып, бізге түнде "ұшпайсыңдар" деп хабарласты. Ұйықтап қалғанбыз. Таңертең тұрсақ, ұшақ құлаған, сол кезде фобия пайда болды", - деді ол.
Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!