Алматы хайуанаттар бағында тотықұстардың қатары толықты

Алматы хайуанаттар бағында тотықұстардың қатары толықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, кейінгі жылдары алғаш рет хайуанаттар бағында ала розелла тотықұстары балапан басқан. Мамырда осы жұп бес балапан басты.

Сурет: Алматы әкімдігі

"Бұл - хайуанаттар бағы үшін айтулы оқиға. Тағы бір қуанышты жаңалық - кіші сақиналы тотықұстар жұбы мамырда үш балапан басып шығарды. Бұл құстар бірнеше жылдан бері тұрақты түрде ұрпақ өрбітіп келеді. Былтыр олар екі балапан басса, биыл ақпанда, мамырда екі рет балапан басып шығарды", - деді Алматы хайуанаттар бағының экзотикалық құстар бөлімінің жетекшісі Айжан Сыбанбекова.

Қолайлы орта, дұрыс азық және кәсіби күтім олардың табиғи жолмен көбейіп, өсіп-өнуіне мүмкіндік беріп отыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!