Алматы хайуанаттар бағында керқұланның (Пржевальский жылқысы) Құрбанкүл атты биесі құлындады. Құлынға Желмая деген ат қойылды. Бұл - Құрбанкүлдің екінші төлі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Керқұлан - Қазақстанның Қызыл кітабына және Табиғатты қорғаудың халықаралық одағының (IUCN) Қызыл тізіміне енгізілген, әлемдегі ең сирек кездесетін жабайы жылқы түрлерінің бірі.
Алматы хайуанаттар бағы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарларды сақтау жөніндегі халықаралық бағдарламаларға қатысады. Олардың қатарында ақбөкен, ақ аю, ақиық қыран және керқұлан бар.
"Бұл - мамандарымыздың көп жылғы қажырлы еңбегінің нәтижесі. Жануарларға барынша қолайлы жағдай жасалып, жұптар халықаралық асыл тұқымды бағдарлама ұсыныстарына сәйкес іріктеледі, тұрақты ветеринария бақылауы жүргізіледі", – деді Алматы хайуанаттар бағы директорының зооветеринария бөлімі жөніндегі орынбасары Ағыбай Әжібаев.
Қазір Құрбанкүл, құлын Желмая және айғыр Мерей мамандардың тұрақты бақылауында. Биенің де, құлынның да жағдайы жақсы, төл қалыпты дамып келеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!