Әнші Айбек Қайбулла хит әнінің шығу тарихын, тойдағы гонарар құнын және Massaget.kz тілшісі қойған бірқатар сұрақтарға жауап берді.
"Менің досым" хит әнінің орындаушысы Айбек Қайбұлла бұл ән оның шығармашылығындағы 18-ші әні екенін және 1 күнде хит болғанын жеткізді.
Өзім туралы
"Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының баласымын. Сырдарияға шомылып, суын ішіп өстік. Сол ауылдың 24 орта мектепте 9 сыныпқа дейін білім алдым. Анам осы мектептің 25 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімі, әкем осы ауылдың дәрігері. 9 сыныптан кейін Ақтөбеге музыка колледжін оқуға кеттім. Төрт ағайындымын. Алдымда үлкен Асылхан атты ағам бар одан кейін Аружан, Айзере атты екі қарындасым бар".
Үйлерді аралап алма саттым
"Алматыға келгеннен кейін бір ғана степендияға өмір сүру қиын болды. Колледждің дипломымен сабақ та беріп жүрдім. Одан кейін туған ағамыз екеуміз Алматының жанында Есік қаласы бар, сонда алма бағы бар. Сол жерден алманы сатып алып келіп, Алматыда үйлерді аралап алма саттық. Табыстың жартысы қарызға кетсе, қалған ақшаға ән жаздым. 17-і әнімнің басым көпшілі осылай жарыққа шыққан. Менің бұрынғы әндерімнің жарыққа шығуына тікелей Жандос Қаржаубай, Нұртуған Жаңабай атты достарымның үлесі зор. "Көрші қыз" әнін жазып көмектескен өнердегі достарым ал өздеріңіз білетін ел ішінде хитке айналған "Менің ағам" әнін досым Жандос Қаржаубаймен бірге орындап шықтық. "Менің досым" әнінің шығу тарихы мүлде бөлек.
Ешкімнің алмаған биігін алу
"Дүниеге шыр етіп келгеннен бастап, домбыраның тиегін тістеп, әртүрлі ән байқауында жүлдегер атандым. 2014 жылы музыкалық колледжге оқуға түсіп, одан кейін Алматыға келіп Құрманғазы атындағы консервоторияға түсіп, оқуымды жалғастырдым. Мақсатым біреу:Қазақ өнерін көтеру, ешкімнің алмаған биігін алу".
"Менің досым" әнінің шығу тарихы
"Менің досым әнінің шығу тарихы сонау 1970 жылдарда жатыр. Жайлау, Жұмаділда, Нартай деген әкемнің үш досы бар. Кішкентай кездерінен бірге өскен достар. Сол төртеуінің бала кезгі арманы біздің баламызда осылай дос болсын деген. Жайлау ағамыздан қыз дүниеге келді. Ол тұрмыста, бірақ әлі күнге араласып тұрамыз. Қалған үш достан Айбек, Бейбарыс, Заманбек деген үшеуміз бармыз. Әкеміздің достығын жалғаймыз деп қазір достығымыз ажырамаған. Достығымыздың құрметіне, сол достарымның құрметіне арнап шығарған болатынмын".
1 күнде хит болды
"2012-2013 жылдан бері өзім әндерінің сөзін жазып жүрдім. Кәсіби түрде 2018 жылы жазып бастадым. "Көрші қыз" тағы басқа да әндерді жазып, халыққа ұсындым. Сол жылдан бері 17 әнді жазыппын. "Менің досым" әні менің репертуарымдағы, өзім жазған 18- ән. Досымның тойында арнап тұрып осы әнді айттым. Халық видеоға түсіріп, желілерге жүктеген. 1 күнде хит болған ән".
Айбек Қайбулла "Менің досым" әнінің тексті
Жүрейік біз бірге қағып қос қанат
Сенің жауың маған дұшпан, қас болат
Мына біздің достығымыз секілді
Баламызда бір бірімен дос болат
Менің досым мені әркез жақтаған
Менің досым мен өзіңмен мақтанам
Достығымның биік қылған тұғырын
Менің досым барлығына жақсы адам
Тілеймін шын басыңа бақ қонсын деп
Өмірде тек жақсылықтар болсын деп
Бізді құдай қосқан шығар досым- ау.
Мына адамдар шын достықты көрсін деп
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!