Скандинавия денсаулық орталығының терапевт дәрігері Ольга Чистиктің айтуынша, аллергиясы бар адамдар үшін ең қауіпсіз гүлдерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
"Аллергиясы бар адамдарға ең қауіпсіз гүлдер - раушан, қызғалдақ, орхидея, ирис. Оларда ауада ұшатын тозаң аз", - деді Чистик.
Оның сөзінше, ең аллергенді өсімдіктер - құрғақ, жеңіл ұшатын тозаңы көп әрі иісі өткір гүлдер.
"Олардың қатарына мимоза, лалагүл, гиацинт, меруертгүл, түймедақ, хризантема жатады. Бұлар қауіптілеу, өйткені көп тозаң бөледі, тозаңы ауаға оңай таралады, ал күшті хош иісі тыныс жолдарын қосымша тітіркендіруі мүмкін", - деп қосты дәрігер.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!