- Негізгі бет
- LifeStyle
- Аллергиядан құтыламын десеңіз......
Аллергиядан құтыламын десеңіз... Дәрігер кеңесі
Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында аллергиядан арылудың жолдарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер аллергиядан арылу үшін адам өз әдеттерін өзгертуден бастау керегін айтты.
"Аллергияға кінәлі тал-ағаш та, шөп-шөңге де емес, алдымен - өзіміз", - деді дәрігер.
Ұлжалғас Сманованың айтуынша, маусымдық аллергияның ең басты 2 себебіне мынадай:
- ағзаның әбден ластануы және улануы;
- паразитоз.
"Режимсіз өмір сүру, дұрыс тамақтанбау, сол арқылы ағзаны қоқысқа толтыру, қарапайым су мен ұйқы режимін сақтамау, жоқтан өзгеге уайымдау, күйзеліспен дос болу, бәрі-бәрі ағзаны әлсіретіп, иммундық жүйеміздің сыртқы тітіркендіргіштерге қатты сезімталдығын оятады. Соның салдарынан көп шөптердің тозаңы, құс-жануарлардың жүні, ауадағы шаң-топырақ, жәндіктер, қыл-аяғы шақырайған күннің көзіне де шыдай алмайтын нашар күйге жетеміз", - деп жазды маман.
Дәрігер талай жылдар бойы тоздырған ағзаны қалыпқа келтіру оңай емес екенін айтып, десе де мына қадамдардан бастауға кеңес берді:
- Тамақтану тәртібін дұрыстайсыз. Дәмді, дәруменге бай емдік мәзір арқылы ауқаттануға көшесіз;
- Ең тиімді әрі пайдалы, ағзаға еш қауіпсіз процедуаралар арқылы ішек құрылысыңызды тазалайсыз;
- Ұйқы және су ішу режимдерін реттейсіз;
- Қанайналымды, өт пен ішек жұмысын жақсартатаын жаттығулар жасайсыз;
Еске салайық, бұған дейін дәрігер өтті 3 минутта жүргізетін 3 өнімді атады.
А. Жапатова