Аллергия: дәрігер бірнеше кеңес берді

Аллергияны жеңуге болады. Бұл туралы Алматы қаласының бас аллергологы Таир Нұрпейісов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кез келген аллергиялық ауруды емдеуге болады. Тіпті аллергияның өзін де толықтай емдеуге болады. Алматыда аллергияның негізгі себебін емдеуге бағытталған, АСИТ әдісіне арналған, заманауи әрі қауіпсіз препараттар қолданылады", - деді ол.

Оның айтуынша, АСИТ ағзаның аллергендерге сезімталдығын төмендетіп, уақыт өте келе толық арылуға мүмкіндік береді. Бұл терапия әр адамға жеке таңдалады және балаларға да, ересектерге де қолданылуы мүмкін.

Маман аллергияны анықтау бұрынғыдан әлдеқайда қолжетімді екенін жеткізді: сынамалар, зертханалық талдаулар, отандық және шетелдік әдістер бар, мұның бәрі бүгінде медициналық орталықтар мен зертханаларда қолданылады.

Кейбір жағдайларда аллергия тіпті сәбилер мен егде жастағы адамдарда да анықталуы мүмкін, алайда дұрыс ем қолданылса, кез келген жаста диагностика жасауға болады екен.

"Аллергия – иммунитеттің бір бөлігі. Сондықтан дұрыс тамақтану, белсенді өмір салты, спорт – мұның бәрі алдын алуда үлкен рөл атқарады. Тіпті демікпе кезінде де белсенді өмір салтынан бас тартуға болмайды. Көптеген кәсіби спортшы бала күнінде демікпемен ауырған", – деді ол.

Сарапшы бірнеше қарапайым, бірақ маңызды кеңес берді:

  • өз бетінше емделмеу,
  • тозаңдану маусымында маска тағу,
  • өзіңізге лайық спорт түрін таңдау,
  • мамандарға жүгінуден қорықпау.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!