“Алла ұлық!“ Сәкен Майғазиев жұрттан сүйінші сұрады

Танымал әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде халықтан сүйінші сұрап, жақсы жаңалығын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі жұбайы екеуі ата-әже болуға дайындалып жүргенін айтты.

"Алла ұлық! Алла қаласа, анасы екеуміз ата-әже атануға ниеттіміз!" - деп жазды ол.

Сондай-ақ, гендер пати жасаған сәт жарияланды.

Еске салайық, былтыр әншінің ұлы үйленіп, той жасаған болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!