- Негізгі бет
- LifeStyle
- Әли Оқаповтың әйелі:...
Әли Оқаповтың әйелі: “Махаббат туралы ән айтқанда ұялма!“
Танымал әнші Әли Оқаповтың әйелі оның сахнада басқа қыздармен ән орындауына қалай қарайтынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Әли Оқаповтың "Жұлдызды жұп" жобасындағы серігі танымал актриса Фариза Ескермес әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Жұлдызды жұп" бағдарламасының соңғы шығарылымында махаббат туралы ән шырқағанда Фариза Ескермес Әли Оқаповтың бетінен сүйіп алған болатын. Жобадағы көрермендер мен желі қолданушылары үйленген Әли Оқапов пен жақында ғана тұрмысқа шыққан Фариза Ескерместің бұл әрекетін сынға алған еді.
Жақында Фариза Ескермес пен Әли Оқапов бұл жағдайға қатысты жұбайларының пікірін бөлісті.
"Жоба басталмай тұрып Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың үйінде репетиция жасап жүрдік. Ақерке, Әли, Андрей (Фариза Ескерместің күйеуі) және мен төртеуміз отырғанда Ақерке бізге былай деді: "Фариза, Әли, сахнада химия көрсетіңдер, махаббат туралы ән айтқанда ұялмаңдар, бір-біріңе тік қарап, жақсы көріңдер, әннің сөздеріне сеніп, араларыңдағы химияны жеткізе біліңдер". Ақерке өзі өнерде жүрген адам және өзіне сенімді адам. Өнердегі күйеулеріне әркім бұлай айта бермейді. Менің бұл отбасыға және Ақеркеге деген құрметім өте жоғары", – деді Фариза Ескермес.
Еске салайық, жақында ғана тұрмысқа шыққан Фариза Ескерместің күйеуі Андрей де әйелінің өнер жолын жалғастыруына қолдау көрсететінін білдірген болатын.
Ал Әли Оқапов жақында өзіне қойылған диагноз туралы хабарлаған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева