- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Қасіретті аңыз: Сакура...
Қасіретті аңыз: Сакура неге қызыл?
Күншығыс еліне ресми түрде көктем келді. Жер-әлемдегі қызғылт түске бояған сакураның гүлдеуін Жапонияда жалпы жұрт болып тойлап жатыр. Мыңдаған үлкенді-кішілі ағаш ақ және ашық қызғылт түске енді.
Жыл сайын бұл мейрамда мыңдаған адам саябақтарға, аллеяларға, сарай мен шіркеулерге жиналып ғажайыпқа тамсанады.
Бұл жылы Жапонияда сакура өз кезінен 10 күн бұрын ерте гүлдеді. Бақытымызға орай, фотографтардың үздік деп танылған суреттерін көріп, сол ғажайыпты бір сәтке болса да сезіне аламыз.
Аңыз бойынша, сакураның әрбір гүлі әрбір жаңа туған баланың тағдыры жайлы баяндайды: Бір ауылдың Сакура атты адамы Хотта деген княздьдің қаталдығы мен жауыздығын үлкен басқарушы Сегунға дәлелдеуді өзіне мақсат санайды. Содан ол өз балаларын алып келіп, патшаға балаларының арқасындағы жараларды көрсетеді. (Балаларды князьдің қызметкерлері жазалайтын болған). Бұдан кейін әмірші Хоттаның өзін жазалайды екен. Арызқойға қатты кектенген ол Сакураны балаларымен қосып, ағашқа асып қойып, өлгенше сабап тастаған. Міне, осыдан Сакураның бейкүнә балаларының қанындай болған ағаш жыл сайын бүршік ататын болған. Қасіретті оқиға сакура ағашын одан бетер құпиялы етеді.
Міне, тіпті табиғаттың өзі адам баласының жауыздығын ғасырлар бойына ұмытпай, жыл сайын еске салып тұратын қасиеті болады екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: adme.ru
А. Құлтай