- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жалғыз үй...
Жалғыз үй
Көз алдыңыздағы ерекше үйшік осыдан 45 жыл бұрын Дрина өзенінің ортасына тұрғызылған болатын. "Сәулетшілер де, құрылысшылар да" жергілікті тұрғындар, жасөспірім балалар. Құрылыс жұмысының басты мақсаты - алаңсыз демалу үшін оңаша орта қалыптастыру. Және олар мақсаттарына жетті.
Қалай? Сізді қызықтырды ма? Үйшікке бас сұғамын десеңіз, сербтердің Байина-Башта атты ауданына қарасты Дрина өзенінің жартасына аттаныңыз демекпіз!
Жастар о баста үйдің қаңқасын тақтайлардан жасап шығарғанымен, уақыт өте келе ойланып, толыққанды үй салуды қолға алады.
Бірақ, олардың еңбектері жиі еш кетіп жатады. Су тасқындары, дауылдар үйді бірнеше рет қиратып, бірнеше рет қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге тура келген.
Осыдан бірнеше айлар бұрын аталған үйді жергілікті тұрғындар мен таяу маңдағы қала туристерінен басқа ешкім танымайтын да еді.
«National Geographic» журналының кезекті бір санында Ирен Беккер түсірген үй суреттері жарияланғаннан кейін танымалдылығы күрт арта түсті.
Қазір үйде демалысын өткізуге ниет білдіретіндер көп. Олар өз кезектерін күтіп, үйді торауылдап жүр.
Суреттер:re-actor.net
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева