Махаббат гүлі

Махаббат гүлі

Махаббат пен көктем... Гүл мен сұлу сезім... Бәрі де егіз ұғым. Бәрі де адам жанына қуаныш, жүрегіне жылу сыйлайтын дүниелер. Гүлдер туралы осыған дейін аз әңгіме қозғаған жоқпыз. Дәстүрімізді жалғастырамыз. Бүгінгі әңгімеміз - аихризон гүліне арналады.

Аихризон – бөлме өсімдігі. Көне көзді адамдарымыз оны "махаббат гүлі" деп атайды екен. Гүлдің биіктігі – 30 сантиметр болса, диаметрі – 20-30 сантиметр. Көпжылдық және біржылдық түрлері бар.

Аихризонның ең басты ерекшелігі - пішіні мен жапырақтары. Жапырақтары етті және қою жасыл түсті келеді. Бір қарағанда қысқа шаштармен көмкерілгенге ұқсайды. Жүректі еске салатын жапырақшаларының құрметіне халық оған – "Махаббат ағашы" және "Бақыт ағашы" деген атақ берген екен.

Және гүл өсірудің шеберлері аихризон бөлмеде өсірген адамның үйіне махаббат пен бақыт ұялайды дегенді айтады.

Суреттер: vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева