- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Үндістан мұзды көліндегі...
Үндістан мұзды көліндегі сырлы қаңқалар
Үндістанның солтүстігінде орналасқан таулы аймақта сырлы мұз көл бар. Бұл мұзды көлдің теңіз бетінен биіктігі 5029 метр. Алып таудың көзіндей болған осы бір сырлы көл бетінде қыс бойы қат-қабат мұз жатады. Адам аяғы баспайтын бұл көл жаз шыға ери бастайды. Таңғаларлығы, көл бетіндегі мұздың еруімен бірге онда көптеген адам қаңқалары қалқып шығады екен.
Бұл табиғаттың тылсым заңдылығы көл байқалған 1942 жылдан бері жалғасып келеді. Жыл сайын таусылмайтын бұл қаңқаларға қарап, жергілікті тұрғындар оны "Киелі көл" деп атаған.
Ал жергілікті қорғаушылар бұл адам қаңқалары ол жерде 19 ғасырдан бастап болған деседі.
Ал ғалымдар бұл сүйектер 2-дүниежүзілік соғыс мезгіліндегі жапон әскерлері мен тексерушілерінікі болу керек деседі. Жергілікті тұрғындардың біразы бұл қауесетке сенеді. Олардың жапон әскерлері бұл маңға келгенде табиғат ананың қарсылығына жолыққан да, жыл сайын сүйектері осы көлден қалқып шығатын болған дейтін сенімдері де бар.
Сол соғыс мезгілінде Жапонияның ғана емес, Ұлыбритания әскерлері де бұл көл маңындағы қолайсыз ауа-райы әсерінен қырылып қалған.
Бірақ, жуықта бұл сүйектерден үлгі алып тексеру нәтижесінде олардың жапон немесе басқа да ел армиясының сүйектері емес екендігі дәлелденген. Ендеше, жыл сайын таусылып бітпес адам қаңқалары қайдан келіп жатыр? Бұл ғалымдардың да басын қатырып отырған мәселе.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: hawar.cn
Қ. Қауымбек