Пекинде ауа сатыла бастады

Пекинде ауа сатыла бастады

Қытай халқы лас ауа мен тұманнан құтылудың жолын іздестіруде. Қазіргі уақытта Пекинде лас тұманнан бұлт үйіріліп тұр. Атмосферадағы зиянкес қалыпты жағдайдан он есе артып кеткен.

Қала халқының тұрғындары ауруханаға жиі мазалайтын бас аурулар мен тыныс алу жолдарының қиындағанын айтып, шағымдануда. Дәл осы уақытта қытайлық миллионер Чэнь Гуанбяо байып қалудың әрі адамдарға көмектесудің пайдалы бір әдісін тапты. Ол таза ауа толтырылған қаңылтыр ыдыс сатуды бастап кетті.

Құтыдағы таза ауа Қытайдың экологиялық таза аймақтарынан жиналған. Құтыда «Чэнь Гуанбяо – жақсы адам» деп, ал сәл төменірек «Таза ауа» деп жазылыпты. Бір құты ауаның құны – 5 юань. Бұл 125 теңге деген сөз.

Бұл миллионер өзінің байып кеткенінің себебін қоқыстан пайдалы зат алу өндірісінен деп түсіндіреді. Оның қазіргі байлығы шамамен 740 миллион долларды құрап отыр. Миллионердің сөзіне сенсек, өзі қайтыс болғасын пайдаға асқан қаржы қайырымдылық қорларының есеп-шоттарына аударылмақ екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: planeta.moy.su

А. Құлтай