Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Ұйықтамайтын адам

Ұйықтамайтын адам

Ұйықтамайтын адам

Әдетте ұйқы туралы әңгіме қозғала қалғанда ауызға алынатын "Шамамен 25-30 жылын ұйқымен өтеді" деп басталатын сөз тіркесі бүкіл әлемде бір ғана адамға қатысты болмай шықты. Иә, өмірде сіз құшағынан босай алмай жүрген ұйқыны біржола ұмытқан адам бар екен. Әңгімемізге арқау болып отырған планетамыздағы ең таңқаларлық әрі ерекше жан Германиядағы Галле қаласында тұрады. Оның есімі - Яков Циперович.

Оның тарихы былай басталады: 1979 жылы бұл кісі қатты уланып қалып, клиникалық өлім аузына тап болады. Клиникалық өлім шамамен бір сағатқа созылып кетеді. Жалпы клиникалық өлім - мыңдаған адамдар бастан кешіріп жататын қалыпты құбылыс. Реймонд Моудидың бұл жайлы "Өмірден кейінгі өмір" деген еңбегі бар. Бірақ, Яковтың жағдайы таңқаларлық еді. Әдетте клиникалық өлімнің ұзақтығы 5 минутқа созылып, одан әрмен ми қыртыстарының тамырлары өліп, адам мәңгі өлімге кетеді. Ал Яковтың өлімі - 1 сағатқа ұзап, көзін ашқаннан кейін бір апта бойы өзіне келе алмай жүреді.

1979 жыл. Яков қазір де осы қалпында

Бәрінен де түсініксіз болғандығы, бұл адам ұйықтау қабілетін жоғалтып алады, ұйықтай алмағандығы былай тұрсын, мүлде жатып тыныға алмайтын жағдайға жетеді. Енді ғана жантая бергенде, беймәлім күш оны жоғарыға қарай лақтырып тастайды екен. Бұл оқиға 16 жылға дейін жалғасады. Он алты жыл бойы жігіт мүлде көз ілмеген. Ең мықты дәрігер мамандардың өзі "кеселдің" себебін де, емін де таба алмады.

1995 жылдан бастап ол йогамен айналыса бастайды. Шығыстық медитациялармен жақын танысып, өз-өзін қолға алады. Нәтижесінде күнінен 2-3 сағат көз ілуге мүмкіндік алады. Бір қызығы, осы жылдары Яков Циперовичтің сырт келбеті мүлде өзгермеген. Қазір оның жасы 51-ді алқымдады. Алайда оған қарап жиырма беске енді келген деген ойда қаласыз.  

1979 жылғы клиникалық өлімнен кейін оның температурасы 34 градустан көтерілмей қалған. Зерттеуші-мамандар оның жастығының себебін осы төмен температурамен байланыстырады. Жалпы, қазірге дейін Яков Циперович тап болған жағдай туралы ғылымда нақты зерттелген ештеңе жоқ болып тұр.

Суреттер: qq.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2919 9
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 31 қаңтар 2013, 12:44
Пікірлер
+0
31 қаңтар 2013, 12:39

ужас, бір түрлі сияқты ұйықтамаған.

+0
31 қаңтар 2013, 12:46

Құдайдың құдіреті

+0
31 қаңтар 2013, 12:48

Кейде ойлар қажытқанда ұйықтап кетіп тәтті түстер көргің келеді ғой) қызықпайм андай өмір салтына

+0
31 қаңтар 2013, 13:03

ужыско!

+0
31 қаңтар 2013, 15:23

:o :shock: бұлай жүре алмаспын

+0
31 қаңтар 2013, 16:01

Мен жазда тек 2-4 сағат ұйықтайтын едім:) Күні-түні интернеттен ақша табу, жаңалықтар қарау:)

+0
31 қаңтар 2013, 16:23

сіздіңкі ұйқы ғой мынаның қасында, 16 жыл тыным көрмеген көзден обал-ақ екен)

+0
31 қаңтар 2013, 21:40

ДРАКУЛА :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
12 ақпан 2013, 01:00

ма саган жаман болган екен :? :? :?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...