Ғылым түсіндіре алмайтын тылсым жерлер

Ғылым түсіндіре алмайтын тылсым жерлер
Фото: aster2.commons.gc.cuny.edu

Табиғат тылсымы қашан да жұмбақ. Оның барлығының сырын аша беру де мүмкін емес. Ғаламның ғажайыптары адамзаттың алақанына бүкіл құпиясын ашып салмай, әлі күнге бір сырларын іште бүгумен келе жатыр. Бүгін біз әлемнің тылсым сырларымен таныстыратын боламыз.

 "Калачи" ауылындағы "ұйқы дерті"

2015 жылы Қазақстанның Калачи ауылының тұрғындары жұмбақ жағдайда ұйықтап қала берді. Оларды ауыл тұрғындары да, арнайы келген дәрігерлер де оята алмады. Ұйықтап оянған адамдардың көпшілігі есте сақтау қабілетінің жоғалуы, шаршау және галлюцинациядан зардап шекті. Ғалымдар оқиғаның нақты себебін анықтай алмағандықтан, үкімет тұрғындарға басқа жерге көшірді.

Бір теория бойынша, халық радиациялық уланудан зардап шегеді. Ауылдан алыс емес жерде уран кеніші бар, бірақ тұрғындардың қан анализінде радиацияның ізі болмаған соң, ондай болжам жоққа шығарылды. Бір қызығы, кенішке жақын болғанымен, көрші ауыл тұрғындарының ұйықтамаған.

2020 жылы профессор Байрон Крейп бастаған Назарбаев университетінің ғалымдар тобы ауылдағы "ұйқы ауруының" себебін анықтадық деді. Олардың айтуынша, ұйқыға себеп ауыл тұрғындарының бір көзден алып ішетін су себеп болған. Су Кеңес Одағы кезінде уран кенішінен тасталған уран қалдықтарынан уланған болуы мүмкін. Себебі, ол уақытта уран қалдықтары бөшкелерде жерге көмілген. Уақыт өте келе темір шіріп, уран қалдығы жер асты суын ластаған.

Кейбір ғалымдар "ұйқы дерті" – ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған "белгісіз генезден туған энцефалопатия" деген қорытындыға келген.

Таос гуілі

Дыбыс аномалиялары  – барлық адамдар ажырата бермейтін тұрақты немесе төмен жиілікті стационарлық шудың бірқатар аномалиялық құбылыстардың жалпылама атауы. Бұл аномалиялар әлемнің әртүрлі жерлерінде сипатталған. Кейбір жағдайларда оғаш дыбыстың қайдан шыққаны анықталды. Мысалы, Гавайи аралындағы шу жанартаудағы белсенділікке байланысты болды, гуіл ондаған шақырымға дейін естілген.

Әдетте, дыбыстарды куәгерлер қозғалтқыштың ақырын оталып тұрған дыбысы ретінде сипаттайды. Әдетте, оларды микрофонмен жазуға болмайды және қайдан шығып жатқанын дәл анықтау мүмкін емес.

Белгілі бір аномалияның атауы көбінесе елді мекенге байланысты анықталады. Мысалы, «Таос гуілі».

АҚШ-тың Нью-Мексико штатында орналасқан Таос ауылы тұрғындары өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басынан бері төмен жиіліктегі дыбыстан шағымданып келеді. Ғалымдар 20 жылдан астам уақыт бойы дыбыстың қайдан шыққанын анықтауға тырысты, өкінішке қарай, барлық әрекеттер сәтсіз аяқталған.

Қайнаған өзен

Шанай-Тимпишка (Shanay-timpishka) — Перудағы өзен, "әлемдегі жалғыз қайған өзен" деп те аталады. Оның температурасы жоғары, сондықтан оған түскен кез келген жануар тірідей пісіп қалады.

Өзеннің орташа температурасы Цельсий бойынша 91 градусты құрайды.

Ғылыми деректердегі болжам бойынша, мұндай жоғары температураның түпкі себебі –жер қыртысы. Өзендегі су жанартау әрекеті болмаған кезде жер астынан қызыл-ыстық балқытылған тау жыныстары арқылы қызады. Өзеннің ұзындығы 9 км.

Бірақ жақын жерде жанартау сияқты жылу көздері жоқ, қарапайым көрінетін өзен суының температурасының бұл деңгейге қалай жеткенін ғалымдар анықтай алмады. Шынай-Тимпишкаға ең жақын жанартау 7 мың шақырым жерде орналасқан.

Ашанинка тайпасы бұл өзенді киелі нысан ретінде қарастырады. Олардың сенімі бойынша бұл өзенді алып жылан рухы қыздырады.

Мовиль үңгірі

Румынияның оңтүстік-шығысында, Қара теңіз жағалауынан алыс емес жерде Мовиль үңгірі бар.

Оны 1986 жылы құрылысшылар электр станциясын салу кезінде кездейсоқ анықтаған. Үңгір шамамен 5 миллион жыл бұрын пайда болған және кем дегенде 500 000 жыл бойы сыртқы әлемнен толығымен оқшауланып келген.

Үңгірдегі атмосфера сырттағы атмосферадан мүлдем өзгеше. Мұндағы оттегінің үлесі шамамен 7-10%, көмірқышқыл газының концентрациясы өте жоғары - 2-3,5%, сонымен қатар 1-2% метан бар. Үңгірдің ауасы мен суында күкіртті сутегі мен аммиактың жоғары концентрациясы тіркелген.

Мовиль үңгірінің экожүйесі басқаша: мұнда ғылым үшін жаңа 33 түр табылып, сипатталған, олардың барлығы эндемикалық. Мұнда барлығы 48 түрлі түр мекендейді, оның ішінде бұрын белгісіз болып келген қырықаяқтар, өрмекшілер, су шаяндары және т.б. бар.

Жарты миллионға жуық жыл бойы қалыптасқан бірегей экожүйені сақтау үшін ғалымдар мен жергілікті билік бірқатар шараларды қолға алған. Осылайша, үңгірге өтетін жол герметизацияланып, ғылыми зерттеулер жүргізуге арнайы қорғаныш киіміндегі зерттеушілердің шағын (3 адамнан аспайтын) топтарына ғана рұқсат етіледі.

Т. Раушанұлы