Өз атыңыздағы циклон керек пе?

Өз атыңыздағы циклон керек пе?

Сіздің атыңыздағы циклон, құйын, дауыл болғанын қалайсыз ба? Неміс метереологтары кәдуілгі табиғи құбылыс болып табылатын циклон аттарын да сатпақ ниетті екен.

Берлиннің тәуелсіз университетінің метереологиялық қызметі циклондардың есімін сатып жатыр деп хабарлайды dapd басылымы. Атмосфераның төменгі қысымында болатын құбылыстардың аты орта есеппен алғанда – 199 еуро. Ал 2013 жылы антициклондар әйел адамның есімімен аталмақ. Сатылымға шығысымен-ақ әйелдер өз аттарын беруге асығып, құбылыстар «таусылып кетіпті». Әйел адам атын беретін циклондар – 299 еуроға бағаланыпты.

Егер сатып алушылар көбеймесе неміс метереологтары лоттарын Ebay аукционына қоймақ. Циклондар мен антициклондардан тапқан пайданы университет метеостанциясы өз тәжірибелерінің шығынын өтеуге жұмсайды екен.

Циклон сатып алушылары өз аттарына берілген ауа райы құбылыстары қай жерде және қашан байқалғаны туралы ақпарат жазылған арнайы сертификат алады.  

Мұндай дәстүр Германияда 1990 жылдары шыққан. Ең алғашқы атаулар Вивиан (Vivian) және Вибке (Wiebke) болған көрінеді. Бұл есімдер ешқандай мағына білдірмесе де, қазіргі уақытта олар ресми түрде айтылады. Атың шықпаса циклон сатып ал...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: octopus.ru

А. Құлтай