Тарақандар туралы қызықты деректер

Тарақандар туралы қызықты деректер
Фото: elements.envato.com

Тарақандардың ешқандай зияны жоқ сияқты көрінгенімен, олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Бүгін тарақандарға қатысты 5 қызықты деректерді ұсынамыз.

1. Тарақан бірнеше апта бойына бассыз өмір сүре алады.
Жыбырлақ тарақандар бассыз да өмір сүре бере алады. Егер оларды бастарын жұлып алсаңыз, су мен қоректік заттар бар денесі өздігенен өмір сүруді жалғастыра береді. 

Ал бөлініп қалған басы да "мұрттарын" қозғалтуы мүмкін. Тарақандары бастарын тамақ жеп-ішу үшін қолданады. Ал қиын ойлау үдерістері бас бөлінінде жүрмейді. Қан айналым жүйесіне қысым түспейтіндіктен олар үшін бассыз болу үлкен жарақат емес. Гемолимфа тезірек  қоюланады, тарақандар сол себепті қан жоғалтпайды. Олар тек шөлден өлуі мүмкін. 

2. Тарақандар бірлесе шешім қабылдайды.
Тарақандар топтасып өмір сүреді. Жеке қалған жәндіктер қиналады. Олар өздеріне серік таба алмайды. Оның үстіне олар үшін тамақ іздеу де азапқа айналады. Өйткені топ болып тамақ іздейтін тарақандар, өз тобындағы тарақандарға арнайы іздер қалдырады.

3. Тарақандар — каннибалдар.
Жәндіктер тамақ талғамай бәрін жей бере алады. Сол себепті ашыға бастаған сәтте олар өздерінің бір ортада өмір сүретінін ұмытып, өзінен әлсіз жәндікті жеуі мүмкін. 

Каннибализм тарақандар үшін маңызды. Біріншіден, топтасып өмір сүру тек достық қарым-қатынас қана емес, олар үшін белгілі бір уақытқа арналған тамақ қоры. Екіншіден, олардың арасындағы әлсіздер азайып, тек күштілер ғана қалады. 

Т. Есқали