Арктика Антарктидадан жылы. Неге?

Арктика Антарктидадан жылы. Неге?

Арктика мен Антарктида жер шарының екі полюсінде жатқан суық аймақ. Біреуі оңтүстік полюсте, біреуі солтүстікте жатыр.

Антарктида – Жер шарының оңтүстік полярлы аймағында жатқан бөлік. Үнді мен Тынық, Атлант мұхитының солтүстік аумағын алып жатыр. Кейде Антарктидаға жақын жатқан суық мұхиты Оңтүстік Мұхит деп те атайды.

Арктика – Жер шарының солтүстік полярлы аймағы, физика-географиялық аумақ. Солтүстік мұзды мұхит пен оған жапсарлас аралдарды қамтиды. Арктиканың оңтүстік аумағы солтүстік полярлы шеңберімен шектесіп жатыр.

Қызығы сол – екеуі екі полюсте, суық аймақта жатса да, температурасы екі түрлі. Яғни, Арктика жылылау. Мұның бірнеше себебі бар.

Біріншіден, Солтүстік мұзды мұхит Атлант мұхитымен шектесіп жатқандықтан, одан жылу алып жатыр. Гольфрстрим жылы ағысы суық мұхитқа әжептәуір жылу әкеледі. Содан Арктика климаты біршама жылы.

Екіншіден, Солтүстік мұзды мұхитқа құйып жатқан Еуразия мен Солтүстік Американың өзендері де жылы. Ол да Арктиканы жыл сайын жылумен қамтып отырады. Антарктидада жаз ұзағырақ әрі 7 пайыз күн сәулесін көбірек алса да, жылу ағыс пен жылы өзеннен құр алақан.

Үшіншіден, Антарктида Арктикаға қарағанда биігірек жатыр. Антарктида құрлығының орташа биіктігі – 2000 метр. Ал Арктиканікі – 900 метрдей. Сондықтан Антарктиданы қалың мұз бен тоң басып жатыр. Мұздықтың орташа биіктігі – 1800 метр. Антарктика таулы, қырат жерлері көп. Ал Арктикадағы мұздық теңіз деңгейімен бірдей.

Екі полярлы аймақтың биіктігі әртүрлі болғандықтан, бірінде 25-28°С болса, екіншісінде 13°С.

Қ. Слямбек