2020 жылдың фотобайқауы: Жануарлардың күлкілі 10 суреті

2020 жылдың фотобайқауы: Жануарлардың күлкілі 10 суреті
Фото: www.comedywildlifephoto.com

Жыл сайын фотографтар арасында The Comedy Wildlife Photography Awards атты байқау өткізіледі. Аты айтып тұрғандай бұған жабайы табиғаттың тосын, қызық сәті түсірілген суреттер жіберіледі.

Бұл суреттер кез келгенді позитив көңіл-күйге ендіріп, күлкі сыйлары анық. 

Ендеше сол суреттерге біз де бір қарап, мәз боп қалайық.

Пандемияға қарамай карантиннен шығып, табиғатты түсірген сурет сүйер қауым былтыр да аямай фото жіберіпті. 2020 жылдың күлкілі суреттерін ұсынамыз.

 "Жағдай қалай, достым?"

 "Мә, саған!"

 "Құдайым-ай!.."

 Ұят-ай...

Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.

 "Жете алмай қалдың, жете алмай қалдың, ля-ля-ля"

 Мен де түсейінші суретке. 

 "Кеше не болды, жігіттер?"

 "Ішегім-ай..."

 "Ха-ха-ха..."

Мына суреттерге қарап, жануарлар адам сынды ойлап, адам сияқты күн кеше ме деп қаласың. Әрі тосын түрі мен әрекетіне күліп, бір сәт жадырап қалатының тағы бар. 

Қ. Слямбек