Табиғат ғажайыбы: Қызғылт түске боялған көлдер

Табиғат ғажайыбы: Қызғылт түске боялған көлдер
Фото: Shutterstock

Әлемде қызғылт түске боялатын көлдер көп емес. Түсінің ерекшелігімен туристердің қызығушылығын тудырып, демалыс орнына айналған. 

Австралияда мұндай бірнеше көл бар, сонымен қатар Оңтүстік Америка, Батыс Африка, Шығыс Еуропа, Мексика және Қазақстаннан да кездестіруге болады.

Хиллер көлі, Аустралия

Батыс Аустралиядағы Решерш архипелагын құрайтын аралдардың ең үлкеніне орналасқан Хиллер көлінің түсі жыл он екі ай өзгермейді. Ашық қызғылт түсті суды бөтелкеге құйып алғанның өзінде түсін сақтап қалады екен. Көлдің ұзындығы 600 метрді құрайды. Ал оны мұхиттан бар болғаны 2-3 метр жер бөліп тұр. 

Хиллер көлі Мидл Айлендпен бірге 1812 жылы табылған. Көлдің жан-жағы ақ тұз бен қалың орманмен қоршалған. Сол себепті қызғылт көлге жету үшін туристер ұзақ жаяу жүруге дайын.

Ретба көлі, Сенегал

Ретба көлі – Сенегал астанасы Дакардан шығыс жағындағы Жасыл мүйіс түбегінде орналасқан. Көлдің түсі Dunaliella salina балдырының арқасында қызғылтқа боялады екен. Ретба көлінің түсі қуаңшылық маусымында жақсы көрінеді.

Жергілікті тұрғындар көлден тұз жинаумен күн көреді. Көлдің құрамының 40% тұз болғандықтан жұмысшылар ши ағашының майын денесіне жағып, жұмыс істейді. 

Көлдегі алқызыл түс көп мөлшердегі цианобактериялардың әсерінен пайда болған. Қара теңіз секілді бұл көлдің де тығыздығы аса жоғары. Бір қызығы, көлдің тұздылығына қарамастан, онда балықтар өмір сүреді екен.

Торревьеха көлі, Испания

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Торревьеха және Ла Мата көлдерін Еуропадағы ең жақсы сақталған деп баға берген. Торревьеха көлінде тұз мөлшерінің көп болғаны соншалық Өлі теңіздегідей судың бетінде қалқып жүресіз. Туристер бұл маңға тері және өкпе ауруларын емдеу үшін келеді екен. 

Лагуна Хатт көлі, Аустралия

Үнді көлінің жанында орналасқан Лагуна Хат Аустралиядағы қызғылт көлдің екіншісі. Көлдің ұзындығы 14 шақырымды, ені 2 шақырымды құрайды. Бұл жерде кішкентай балдырларды өсіретін әлемдегі ең үлкен орналасқан. 

Шаңды раушан көлі, Канада

Канададағы жалғыз қызғылт түсті көл аса танымал емес. Құрамында тұз болмаса да, балдырлар өспесе де көл қызғылт түске боялған. Оған осы аймақтың табиғатының ерекшелігі себеп. Жақын маңдағы мұздықтағы тас шаңының әсерінен көлдің түсі қызғылтқа боялады екен. 

Қызғылт көл, Аустралия

Батыс Аустралияда орналасқан тағы бір қызғылт түсті көл. Dunaliella salina балдыры мен тұзды асшаянның арқасында көл анда-санда қызғыл түске боялады. Ғалымдар әлі күнге көл

Масазир көлі, Әзірбайжан

Ауданы 10 шаршы шақырым болатын Масазир көлі Бакуге жақын маңда орналасқан. Көлдің құрамында хлорид пен сульфат көп мөлшерде болғандықтан оның түсі қызғылтқа боялған. Ал 2010 жылы ел билігі тұз өндіретін "Azeri" зауытын ашты. 

Квайрадинг қызғылт көлі, Аустралия

Бұл көл кейбір маусымда түсін өзгертеді. Көлдің бір беті қара қызғылт түске боялса, екінші жағы ашық қызғылт түс болады екен. 

Қызғылт көл, Қазақстан

Көл Ақмола облысы Ерейментау ауданының Өлеңті ауылдық округінің аумағында орналасқан. Теңіз деңгейінен 253 метр биіктікте. Көлдің ауданы - 690 га, тереңдігі - 1,5 метр.

Көбейтұз жылына бірнеше рет қызғылт түске боялады. Судың қызғылт реңге боялуына негізінен тұзды теңіздерді мекендейтін біржасушалы дуналиелла сортаңды су балдыры әсер етеді деп саналады. Демек көлдің тұзды болуының арқасында бұл балдырлар пайда болған.

Мұнымен қызғылт түсті көлдер тізімін аяқталған жоқ. Олардың қатарына Қырымдағы Кояш, Мексикадағы Лас-Колорадас, Танзаниядағы Натрон, Боливиядағы Лагун Колорадо, АҚШ-тағы Үлкен тұзды көл, Ресейдегі Меклетин мен Тунистегі Шотт-эль-Джерид көлін қосуға болады.

А. Рысдәулет