Күн мен Жерге өте ұқсас жұлдыз бен ғаламшар табылды

Күн мен Жерге өте ұқсас жұлдыз бен ғаламшар табылды
Фото: Naked Science

Жерден 3100 жарық жыл қашықтықта экзопланета табылды. Оған қоса ғалымдар орбитасы Жермен ұқсас екенін айтады.

Макс Планк атынағы зерттеу институтының астромдары жаңа экзопланетаның жұлдызына Kepler-160 деген атау берді. Әзірге оның екі экзопланетасы бар екені белгілі. Екеуі де Жерден үлкенірек, оған қоса өз жұлдызына жақын орналасқан.

Ғалымдар KOI-456.04 экзопланетасына бұған дейін аса мән бермеген болатын. Жерден 50 есе кіші планета өз жұлдызын 378 тәулікте айналып өтеді екен.

Оған қоса ғалымдар бұл экзопланетаның Жермен ұқсас екенін айтады. Бүгінде алыс қашықтықта орналасқан бірде-бір жұлдыз жүйесінен Жерге ұқсас экзопланета табылмаған. 

А. Рысдәулет