Түнгі кемпірқосақ

Түнгі кемпірқосақ
Фото: yandex.kz

Жаңбырдан кейінгі кемпірқосақты бәріміз көрген болармыз, ал түнде ай сәулесіне шомылған кемпірқосақты көргеніңіз бар ма?

Кемпірқосақ күндіз ғана болады деген ой санамызда қаланғаны рас. Кемпірқосақ жаңбыр тамшысы мен күн сәулесінің шағылысуынан пайда болады. Ал түнгі кемпірқосақтың пайда болуына тамшы мен ай сәулесі жетіп жатыр.

Түнгі кемпірқосақты кейде ай кемпірқосағы деп те атайды. Күндізгі кемпірқосаққа қарағанда кішілеу келеді, бірақ дәл кемпірқосақтың дәл өзі.

Ай кемпірқосағы көбінесе сарқырама мен жағалауда пайда болады. Айға қарама-қарсы бағытта түзіледі әрі радиусы күндікіне ұқсайды.

Түнгі кемпірқосақты көру қиын. Кез келгеннің жолы бола бермейді. Өйткені ай толысқан, жарық түнде жаңбыр жауа қоюы екіталай. Оның үстіне, ай жер өрісінен биік емес, көлденең, шамамен 42 градус шамасында орналасқан кезде кемпірқосақ пайда болады. Күндізгі кемпірқосақтай жарық болмайды, содан адам жақын тұрмаса, алыстан көре алмайды.

Айлы түнгі кемпірқосақ ақ шеңбер, жартылай жарық арка тәрізді көрінуі мүмкін.

Қ. Слямбек