Темекі сату мен шегуге тыйым салған мемлекет

Темекі сату мен шегуге тыйым салған мемлекет

Қоғамдық орында шылым шегуге тыйым салған елдер жыл өткен сайын көбеюде. Олардың арасында Қазақстан да бар. Өткен жылы, тіпті, Ресейде балконда темекі шегуге тыйым салынған болатын.

Алайда мүлдем темекі пайдаланбақ түгілі оны сатуға да тыйым салған мемлекет туралы естігеніңіз бар ма? Әлемде темекі сатуға тыйым салған бір-ақ мемлекет бар. Ол – 700 мыңнан астам халқы бар Бутан патшалығы. Үндістан және Қытаймен шекараласып жатқан ел.

Бутанда қоғамдық ортада темекі шегуге XVII ғасырда-ақ тыйым салынған. Ал ел билігі одан әрі қатаң шараға барып, 2004 жылдың желтоқсанынан бастап мүлдем темекі сатуға тыйым салды: темекі шеккендерге қымбат айыппұл салынды: құны 175 еуроға тең.

Бұл жерде айта кететін бір нәрсе – Бутанға келген шетелдіктерге, елшілер мен туристтерге шылым шегуге рұқсат берілгендігі. Бірақ оларға қоғамдық ортада шылым шегуге болмайды. Әзірше, тек қонақ үйде, бөлмеде ғана темекі шешуге рұқсат. Ал жергілікті азаматтарға темекі сатқан шетелдіктерге жаза қатаң.

Ұлттық бақыт өнімі

Бутан билігінің темекіге тыйым салуының басты себебі – шылымның адам денсаулығы мен өміріне қауіпті екендігі. Ал Бутан мемлекеті – адам бақытына, адамның рухани байлығына мән беретін әлемдегі бірден-бір ел. Тіпті, азаматтардың бақытымен айналысатын Бақыт министрлігі де құрылған. Мұндай министрлік әлемде бірде-бір елде жоқ.

Бутан – буддизмнің тантра бағытын ресми түрде ұстанатын жалғыз мемлекет. Буддизмнің ұстанымы бойынша адам бақытты болу үшін рухани деңгейге жетуі керек. Ал темекі адамның рухани ләззат алуына кедергі келтіреді. Сондықтан ел үкіметі темекі өнімдеріне тыйым салып отыр.

Бутанның тағы бір ерекшелігі – өзге мемлекеттер сияқты азаматтардың әл-ауқатын жалпы ішкі өніммен емес, «ұлттық бақыт өнімі» индикаторымен есептейтіндігі. 2005 жылғы деректерге қарағанда азаматтардың 45,2 пайызы «өте бақытты», 51,6 пайызы «бақытты» болса, тек 3,3 пайызы ғана «бақытсыз» екен.

Темекі туралы заң

Бутанда темекі туралы заң 2010 жылы қабылданған. Заңда ел ішінде табак өсіруге, өндіруге, жинау мен сатуға, қолдануға тыйым салынған. Заң бойынша темекіні тастай алмай, емделе алмай жүрген азаматтарға ел билігі қол ұшын беруі тиіс.

Ал темекі шегетін шетелдіктердің қолында темекіні басқа мемлекеттен сатып алғанын растайтындай чек болғаны жөн. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Жұмжұма сұлтанды" сөйлеткен ақын
"Жұмжұма сұлтанды" сөйлеткен ақын
2021 жылы саяхаттауға ең қауіпті және қауіпсіз елдер анықталды
2021 жылы саяхаттауға ең қауіпті және қауіпсіз елдер анықталды
Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді
Қазақстанда мемлекеттік туды балконға ілуге ресми түрде рұқсат етілді
АҚШ-тың жұмбақ аралы Гуам
АҚШ-тың жұмбақ аралы Гуам
АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды
АҚШ-та тағы бір жұмбақ монолит табылды
Эмпатия бала миының дамуына қалай әсер етеді?
Эмпатия бала миының дамуына қалай әсер етеді?