AliExpress, банан және алкоголь: Коронавирус туралы кең таралған фейк жаңалықтар

2019-nCoV коронавирус штамы Қытаймен қоса әлемді әбігерге салды. Бірақ аңыздар мен жалған ақпарат вирустан да жылдам таралып, халық көңіліне қорқыныш ұялатып жатыр. 

Сыбыстарға сенсек: “Короновирусты спиртті ішімдіктермен емдеуге болады. Ал вирустың өзі банан мен AliExpress-тен жіберілген заттар арқылы жұғады екен”.

Осындай аңыздардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз:

Короновирус банан арқылы әлемге таралып жатыр

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде: “Коронавирусты банан немесе басқа жеміс арқылы жұқтыруыңыз мүмкін, сақ болыңыз!” деген хабарларға толып кетті. 

Кейбір мәтіндерде бұл ақпарат Синьхуа ауруханасының Чуньминь бөлімінен алынған деп айтылады. Мұндай аурухана шынымен де Уханьда бар.

Алайда Қытайда немесе шетелде ешбір сарапшы, шенеунік немесе саясаткер вирусты жеміспен байланыстырған жоқ. Сонымен қатар, қауесеттер вирус штамының дұрыс емес екенін көрсетеді.

Мамандар 2019-nCoV штамының ауа арқылы жұғатынын дәлелдеді. Бірақ, вирус адам немесе жануарлар ағзасынан тыс жерде өмір сүре алмайды.

2. AliExpress сәлемдемелері

Жоғарыда айтқан жалған ақпар сияқты: Қытайда жасалған құлаққап немесе шаңсорғыш арқылы вирустың жұғуы айтылып жатыр. 

Уханьда вирус таралған алғашқы күндері AliExpress басшылығы компанияның барлық заты медициналық тұрғыдан таза деп мәлімдеді.

Бірнеше күннен кейін ресейлік газеттер РФ азаматтары AliExpress-тен заттар сатып алудан бас тартқаны туралы хабарлады. Бірақ компания мұны растамады.

Ресей мен Украинаның сарапшылары мен денсаулық сақтау мамандары Қытайдан келетін заттар арқылы инфекциялардың таралуы мүмкін емес дейді. Дәрігерлер вирустың транзит кезінде өмір сүруі мүмкін емес екенін айтады.

AliExpress арқылы Қытайдан келген тауарлардан әлі күнге дейін бір де бір рет вирус табылған жоқ.

3. Спиртті ішімдіктер

“Әкем Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істейді. Бүгін олар шұғыл жиналыс жасады. Үйге оралғасын анама жасырын түрде коронавируспен күресу туралы үкіметтің арнайы бұйрығын, әйелдер мен балалардан бөлек барлық ер адам вируспен күресу үшін күн сайын 250 грамм арақ, виски немесе коньяк ішуі керек екенін айтты”.

Қазір бұл интернет қолданушылар арасында таралған ең күлкілі мәтін, бірақ Уханьда көптеген адам алкоголь қолданып коронавирустан арылуға болады деп санайды.

BBC-дің Уханьдағы тілшісі Наталья Зотованың айтуынша, кейбір тұрғындар, көбінесе ересектер вирусты алкогольмен емдеуге болатынына сенеді.

“Үлкендер алкоголь вирусты өлтіреді деп есептейді, біздің көршілеріміз мас және оны өмір сүру үшін қажет деп санайды”, - дейді қала тұрғыны Антонина Старцева.

Мамандардың пікірінше, алкоголь керісінше, иммундық жүйе мен ағзаны әлсіретеді, бұл вируспен күресу процесін нашарлатады. Спирт ішкенше, онымен ағзаны дезинфекциялау керек.

Бүгінде инфекцияны жұқтырмаудың жалғыз жолы – гигиения талаптарын сақтау.

Вирустан қалай сақтану керек?!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты жұқтырмау үшін төмендегідей кеңес айтқан:

қолыңызды сабынмен немесе спиртпен жиі жуыңыз; жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды жабыңыз; тұмау белгілер бар адамдардан аулақ болыңыз, қызуыңыз көтеріліп, жөтелсеңіз жедел жәрдем шақырыңыз; ет базарына барғанда жануарлар мен басқа да заттарды ұстаудан сақтаныңыз; тағамды әсіресе етті асықпай пісіріңіз;
Коронавирус қайдан пайда болды?