Ғалымдар адам миындағы белгісіз сигналды анықтады

Ғалымдар адам миындағы белгісіз сигналды анықтады
Фото: hi-news.ru

Адам миы – ең күрделі және толық зерттелмеген ағза. Ми жұмысы бір-бірімен ақпарат алмасатын нейрондар деп аталатын қосылған жасушалар жүйесімен тығыз байланысты. Электр сигналдардан басқа, мида әртүрлі химиялық процестер жүреді, бұл оны зерттеуді қиындатады. Жақында ғалымдар әлі күнге дейін белгісіз адам миындағы күшті бір сигналды тапқан. Science журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, орталық жүйке жүйесінің жасушаларында болатын механизм мидың есептеу қабілетінде маңызды рөл атқарады екен.

Неліктен адам миындағы дендриттер маңызды?

Дендриттер – бұл нейрондардың тармақталған процестері, олар химия элементтері мен электр сигналдарын басқа жасушалармен алмасу арқылы алады.

Берлиндегі Гумбольдт университетінің зерттеушілері мен Молекулалық биология және биотехнология институтының (Греция) мамандары адам миындағы нейрондар бұрын біз ойлағаннан да қуатты есептеуіш бірліктер бола алатынын анықтаған. Зерттеу барысында ғалымдар екінші және үшінші қабаттарға назар аудара отырып, сыртқы кортекстің кортикал жасушаларын зерттеді. Бұл қабаттарда дендрит деп аталатын көптеген бұтақ бар, оларды бір-бірімен байланыстыратын және мидың басқа жасушаларымен ақпарат алмасатын жасушалар бар екені белгілі болды.

Табылған механизм нейрондарға логикалық функцияларды белгілі ретпен орындауға мүмкіндік беретін арнайы сигнал жібереді. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жасуша әрекеттесуінің жаңа бір түрі. Электр импульстары мен химия элементтері алмасып, нейрондар бір-бірімен байланысатын болғандықтан, сигнал калий, натрий және хлор иондарын алмасатын мембрана каналдары арқылы беріледі. Зерттеушілер бұрын тіркелмеген ми толқынын, адам миындағы "кальцийдің дендриттік әсер ету потенциалы" (dCaAP) деп атады.

Зерттеуге эпилепсиямен ауыратын науқастар субьект ретінде қатысқан. Деректердің дұрыстығын анықтау үшін ғалымдар ми қыртысының басқа тіндеріндегі нәтижелерді екі рет тексерген. Алайда мұндай зерттеулерде бірнеше шектеу бар. Осыған ұқсас процестер басқа сүтқоректілерде болуы мүмкін, бірақ олар лабораториядағы тін үлгілерінде көрінбейді.

Gizmodo басылымының хабарлауынша, мақала авторлары мидың жұмысы мен дендриттердің қасиеттері туралы біздің түсінігімізде жаңа шекараларды ашады деп санайды. Дендриттер кортекстегі пирамидалық жасушалар бетінің 95 процентін құрайды, ал ол адам миында "өзгермеген аймақ". "Адам миының осындай ерекшелігі дендриттердің арқасында болуы мүмкін" дейді зерттеушілер.

Т. Раушанұлы