Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Ең үлкен астероид Жерге қашан жақындайды?

Ең үлкен астероид Жерге қашан жақындайды?

Ең үлкен астероид Жерге қашан жақындайды?

Соңғы 15 жыл бойы ғалымдардың бас ауруына айналған 300 метрлік апофис астероиды Жерге 2029 жылы құлайды деп болжанған еді. Алайда соңғы зерттеулерге сәйкес бұл уақыт кейінге шегерілді.

Алғаш 2004 жылы ғалымдар назарына іліккен астероидтың жермен соқтығысу ықтималдығы 2,7 процентті құрап, аспан денесі ғаламшарымызға 2029 жылы жақындап келеді деп болжанған болатын. Дегенмен кейінірек ғалымдар пікірін өзгертіп, бұл уақытты 2036 жылға қарай ығыстырды. Ал қазір астероидтың Жерге соғылу ықтималдығын тіпті жоққа шығарылып отыр. Бұл болашақта астероидтарды терең зерттеуге таптырмас мүмкіндік. 

Апофис астероидының Жерге құлау ықтималдығы – миллионнан бір. Дегенмен Жерге жақын маңнан ұшып өтетінін жоққа шығаруға болмайды. Астероидтің "өмірін" жіті бақылап отырған NASA оның Жерге қашан жақындайтынын мәлімдеді:

- 2060 жылдың 12 сәуірі 
- 2065 жылдың 11 сәуірі.
-  2068 жылдың12 сәуірі.
- 2068 жылдың 10 қазаны.
- 2076 жылдың 13 сәуірі.
- 2077 жылдың 13 сәуірі.
- 2078 жылдың 13 сәуірі. 
- 2089 жылдың 10 қазаны.
- 2091 жылдың 13 сәуірі.
- 2103 жылдың 14 сәуірі.

NASA-ның есептеуінше, астероид Жердің маңынан сағатына 21 060 шақырым жылдамдықпен ұшып өтеді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: WallHere
Қосылған күні: 26 қараша 2019, 11:15

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.