- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ендігі мақсат -...
Ендігі мақсат - Шолпан
NASA ғарыш агенттігі Марс пен Айды қоя тұрып, Шолпанды бағындыруға көшті. Жердің ең жақын көршісі, Күн жүйесінде ең аз зерттелген ғаламшарға алғаш 1966 жылы Кеңес құрылғысы қонған. Апатты жағдайда болған зонд Венераның бетінде бірнеше сағат қана болып қайта ұшы кетті. Ал NASA жоспары бойынша ғарыш құрылғысы планетаның бетінде кем дегенде 60 күндей болады. Long-Live-in-situ Solar System Explorer деп аталатын зондты әрбір бөлшек жоғары температураға, қысымға және атмосфераға төзімді болу үшін арнайы жасалған.
*Шолпан – күн жүйесіндегі ең кішкентай ғаламшар. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық ғаламшарлар айналатын жаққа кері бағытта, яғни өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына өз осі төңірегіндегі қарсы айналатын болып шықты. Ондағы күндік тәулік шамамен Жердегі 118 тәулікке тең. Бұл ғаламшардың атмосферасының 98 пайызы карбонат ангидрид газынан тұрады. Сосын ол сульфат қышқылы бұлтымен қоршалған. Осындай "химиялық зертханада" адам бір секунд та жасай алмайды. Сіз Шолпанға бара қалсаңыз 0,94 секундта арғы дүниге аттанып кетеді екенсіз. Ал ол жердегі ауа райы туралы айтпаса да болады – +470 градус.
Жердің егізі
Шолпан - ғалымдар арасында Жердің "ашулы егізі" атауын алған. Екі ғаламшардың салмағы бірдей. Бұрын Шолпанда нағыз жұмақ болған деседі. Суға толы, тіршілікке қолайлы болған ғаламшар қазір жанартау секілді. Планетаның беткі қабатындағы қысым дайвердің ашық мұхитта 300 метр тереңдікте сезетін қысымымен бірдей. Оған қоса Шолпандағы желдің жылдамдығы Жердегі қатты құйынның жылдамдығымен тепе-тең. Аракідік күннің бетін күкірт қышқылынан тұратын бұлт басып тұрады. Ал Шолпандағы бір түн Жердегі 100 тәулікпен тең.
Ғалымдар кезінде Шолпанда үлкен, таяз мұхит болған деп топшылайды. Алайда уақыт өте буға айналып, сутек ашық ғарышқа жеткеннен соң ғаламшардың көмірқышқыл газына бай атмосферасы қазір біз көріп тұрған Шолпанға айналдырған. Венераның қою атмосферасы оны толық зерттеуге мүмкіндік бермей отыр. Сол себепті де NASA оны зерттеу бойынша миссияны бастады.
Шолпанды зерттеу үшін қандай заманауи құрылғылар қолданылды
Ғаламшардың ауа-райына сәйкес 60 күн бойы бұзылмайтын төзімді аппарат жасалмақ. Бұл құрылғының Марсқа ұшатындардан айырмашылығы оның көлемінде болмақ. LLISSE аппараты қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген кішігірім текше тәріздес құрылғы түрінде жасалады. Ол Шолпанның атмосферасы мен жер қыртысын зерттетін болады.
Қазіргі таңдағы басты проблема - аппарт 60 күн бойы қажет ететін қуатты қайдан алатынында болып отыр. Алыс ғарышқа ұшатын құрылғылардың басым бөлігі қуатты өндіру үшін кішігірім ядролық реактормен жабдықталады. Алайда LLISSE аппаратына ғарыш кемелерінде қолданылатын жылу батареясы орнатылады деп күтілуде. Ғалымдар LLISSE Шолпандағы күн мен түннің ауысуына куә болады деп үміттеніп отыр. Сондай-ақ аппарат жердегі төрт айға тең Шолпан күнінде қону қажет. Өйткені осы уақытта барлық деректерді алуға және зерттеуге ең қолайлы мерзім.
NASA мен Ресей ғарыш корпорацияның біріккен жобасы
Бастапқыда LLISSE аппараты Venera-D — Ресей ғарыш корпорация мен NASA-ның біріккен миссиясын орындауға шақталған еді. Бұл миссия бойынша аппаратқа қосымша үлкен және кішкентай қонуға арналған құрылғылар қосылу қажет болатын. Алайда Venera-D миссиясы уақытша тоқтатылды. Жоспар бойынша алғашқы аппарат 2013 жылы ұшуы қажет еді. Қазір бұл мерзім 2026 жылға шегерілді.
Жоспар бойынша LLISSE зонды 2023 жылы толықтай жасалып, сынақтан өтеді.
Соңғы миссия
2006 жылы Шолпан ғаламшарын зерттеуге ұшырылған Венера-Экспресс аппараты өзіне жүктелген міндетті соңына дейін атқарған еді. Жоспарланғаннан төрт есе көп уақыт еңбек еткен ғаламшардың жасанды серігінің соңғы жанармайы таусылып, Жермен байланысы үзілген. Аппараттың Жерге қайтару мүмкіндігі бар болғанына қарамастан ғалымдар Шолпан ғаламшарына қатысты соңғы ақпаратты алуды ұйғарды. Венера-Экспресс Шолпан атмосферасының қабаттарымен төмендеп, жанып кетті.
Агенттіктің астрофизиктері ағымдағы 2014 жылы қозғалтқышты бірнеше рет қайта қосу арқылы аппаратты жаңа орбитаға, яғни жаңа айналу осіне түсіре алған. Осы әрекеттің арқасында Жерге көрші ғаламшар атмосферасының жоғарғы қабаттары туралы ақпарат алынды.
А. Рысдәулет