Ғасыр соңында Жердегі ауа температурасы 14 градусқа көтеріледі

Ғасыр соңында Жердегі ауа температурасы 14 градусқа көтеріледі
Фото: WCBI

АҚШ-тың Мичиган және Аризона университеттерінің зерттеушілері Жердегі ауа температурасының бірден жоғарлауына себеп болған ежелгі "жылу толқынының" қайтып оралатынын болжады.

Daily Mail басылымының мәліметінше, ғалымдар ертедегі эоцен заманы климатының өзгеруін қайта жасап шығарған. Шамамен 50 миллион жыл бұрын Жердің орташа температурасы 14 градусқа көтерілген. Ғалымдар 2100 жылы бұл құбылыс қайта болуы мүмкін екенін болжап отыр.

Ежелгі замандағы климат атмосферадағы көмірқышқыл газының шамадан тыс артып кетуінен өзгерген. Ол кезде көмірқышқыл газ қазіргіден екі есе көп болған. Дегенмен ежелгі заманда көмірқышқыл газды табиғаттың өзі шығарса, қазір оның көбеюіне адамзат әрекеті себеп болуда.

Егер алдағы уақытта атмосфераға шығарылатын көмірқышқыл газының көлемі азаймаса 80 жылдан кейін бұл құбылыс қайта болуы мүмкін. Әсіресе, Жер шарының солтүстігіндегі ауа температусы өзгеріске ұшырайды. Солтүстік өңірдегі температура 14 градусқа артуы мүмкін. 

 
А. Рысдәулет