Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Корей халқының үйлену тойы

Корей халқының үйлену тойы

Корей халқының үйлену тойы

Басқа елдің салт-дәстүрлерімен танысу өз жалғасын табуда. Таяуда жапон халқының үйлену тойы мен корей халқының төл мерекесі туралы айтқан болатынбыз. Кез келген адамның ғұмырындағы ең маңызды шаралардың бірі оның үйлену тойы екеніне ешкім дауласа қоймас. Корей халқында адамзат баласы кәмелеттік жасқа тек үйленген кезде ғана толады деген сөз бар. Сондықтан да, корей халқы отау құру салтанатын өткізу үшін үлкен дайындық жүргізеді.

Ертеде жігітке қалыңдықты оның ата-анасы таңдайтын. Ал қызға құда түсіп келгенде жауапты оның ата-анасы беретін. Таңдау мен шешім қабылдауға әлеуметтік жағдай мен тек-рудың беделі ықпал ететін. Мұндай келісімді «чуньмэ» деп атайды.

Корей жастары шаңырақ көтермес бұрын бір-бірінің ата-тегін тексереді. Олар ата-тектерін «пхой» деп атайды, ол шыққан руды білдіреді. Егер де жас жұбайлардың «пхойы» бірдей болып, ал еш туыстық қарым-қатынастары болмаса, олар бір рудан тараған бір атаның баласы болып есептеледі.

Қазіргі таңда бір-бірін сүйген жандар той жасамас бұрын ата-анасының алдынан өтеді. Ата-анасы қарсылық білдірмей, рұқсат берсе, той жасауға кіріседі. Корей халқы тойға екі адамның қосылуы ғана емес, екі жанұяның, екі жақтың бірігуі деп қарайды.

Құдалықтың алғашқы сатысы «хонсимари», яғни келісім. Хонсимариде күйеу жігіттің әкесі мен үлкен ағалары қыздың ата-анасына келіп, рұқсат сұрайды. Келісімге өздерімен бірге әр түрлі тағамдар мен ішімдіктер әкеледі. Егер қыздың ата-анасы келісімді мақұлдаса, келесі саты «ченчи» күні белгіленеді.


«Ченчи» - бұл құдалық салтының ресми күні. Құдалыққа екі жақтың ең жақын туыстары жиналады. Корей халқында бұл күн үлкен дастархан басында ерекше атап өтілетін. Дастархан басындағы барлық тағамдарды күйеу жігіттің жағы әкеледі. Сондай-ақ, қалыңдықтың ата-анасы мен жақын туыстарына сый-кәделер тартылады. Бұл салт үлкен шығынды талап ететіндіктен, уақыт өте келе ченчи мен хонсимари салттарын біріктіріп жіберген.

Хонсимари салтынан кейін жігіт пен қыз күйеу жігіт пен қалыңдық болып саналса, ченчиден кейін олар жас жұбайлар болып есептелінген. Ченчи кішігірім той болатын. Бұл күні тойдың уақытын белігілеп, тойға шақырылатын қонақтардың тізімін жасайды. Осы кезде тойдың қалай өтетіні туралы сөз қозғалады.

Шаңырақ көтергелі жатқан жас жұбайлар тойдың болатын күніне аса мән береді. 366 күнге толатын кібісе жылдары той сирек жасалады. Әдетте, тойды сенбі мен жексенбі күндері, түстен кейін өткізеді. Бұрындары той күні мен неке қию уақытын белгілеу үшін ат басын балгерлерге бұратын. Қазіргі таңда бұл дәстүр бірте-бірте ұмытылуда.

Той күні жігіттің үйінде үлкен дастархан жайылады. Ол жақын туысқандары мен достарының ортасында болып, ата-анасына тәлім-тәрбие беріп, тойды ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдіреді. Ата-анасының алдына тізерлеп отырып, алдына қолын қойып, иіледі.

Содан кейін күйеу жігіт айттырушылармен бірге қалыңдықтың үйіне барады. Айттырушыларды «уси» деп атайды. Айттырушылардың қатарында күйеу жігіттің достары және рулас туыстары болуы керек. Оларды есептегенде міндетті түрде тақ сан шығуы керек. Қатарында ажырасқан, жесір жандар болмауы тиіс.

Күйеу жігіт пен айттырушыларды қалыңдықтың құрбылары мен туыстары қарсы алады. Олар күйеу жігіттен қалыңдық үшін қалыңмал беруін талап етеді. Осы кезде күйеу жігітке айттырушылар көмекке келіп, қыз берген жақтың назын орындауға кіріседі.


Бұл рәсімнен кейін күйеу жігіт өзімен бірге келген айттырушыларды таныстырып, қыздың ата-анасына иіліп, алғыс айтады. Ал қыздың ата-анасы жас жұбайларға батасын беріп, қыздарын шығарып салады.

Содан кейін қыздың жасауы көлікке тиеледі. Бірақ, күйеу жігіт жасауға қол тигізбеу керек. Әдетте, жасаудың ішіне тұрмысқа қажетті бұйымдар мен ыдыс-аяқтар, жігіт жаққа тартылатын сый-кәделер, отбасылық өмірдің алғашқы кезеңдеріне қажетті дүниелер болады. Жасауға міндетті түрде қыздың айнасы салынады. Айна сынық не қисық болмауы тиіс.

Қыз өз үйінен кетпес бұрын, ата-анасына иіліп, алғысын білдіреді. Онымен бірге туыстары мен құрбылары еріп шығады. Олардың саны күйеу жігіттің айттырушыларының санынан екі кісіге көп болуы керек. 

Жалғасы

Форумда талқылау

Суреттер http://wewed.ru, mykorea.ru, http://www.nevesta-msk.ru, http://genih-nevesta.com, clubs.ya.ru ғаламтор беттерінен алынған

10518 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 11 ақпан 2012, 11:00
Пікірлер
+0
11 ақпан 2012, 11:59

корей салттарын сериалдары арқылы барынша білемін

+0
11 ақпан 2012, 13:48

Салт-дәстүрлері бізге ұқсайды екен. "Пхой" - жүз, ру, "ченчи" - сырға салу, "хонсимари" - құдалық, киіт кигізу екен ғой)))

+0
20 ақпан 2012, 17:02

Корейді бізбен салыстырма? Біздің салтымыз, мақсатымыз басқа!

+0
11 ақпан 2012, 14:21

Өте керемет. Ұлттық киімдері көздің жауын алады. Бірақ қазір тап осылай ұлттық киім киіп өткізушілер аз сияқты.

+0
20 ақпан 2012, 17:01

Әрине олар қазақ қыздары сияқты емес! Сіздерге қарағанда ұлттық киімдерін киіп жүруден ұялмайды! Аттан!!!

+0
20 ақпан 2012, 23:51

Біз ұлттық киім кие алмаймызба, ұяламызба? Сіз қателесесіз. 22 Наурыз күні Ақтауда болсаңыз көресіз, қалай киінгенімізді. Басқа қалаларды білмеймін, бірақ Ақтауда ұлттық киімдер киіледі.

+0
21 ақпан 2012, 13:30

Үйленгенде ше? кие аласыз ба? әлде свадебный киесіз бе?

+0
21 ақпан 2012, 16:27

Құдай қаласа тойымда да кием... Алла соған жеткізгей....

+0
20 ақпан 2012, 10:59

Қазақтың тойына жетпейді!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...