Айға алғаш аяқ басқандар

Айға алғаш аяқ басқандар

Осыдан тура 50 жыл бұрын адамзат тарихында елеулі оқиға болды. Шілденің 21-і NASA ғарышкерлері Нил Армстронг пен Базз Олдрин Айға табан тіреді. 

Бірінші болып Айға Нил Армстронг аяқ басқан. Арада 15 минут өткенде Базз Олдрин де Айдың бетін өз табанымен сезінді. Мыңдаған адамның күні-түні еңбектенуінің арқасында басқарылатын зымыранмен қос ғарышкер Жердің серігіне жақындады. "Аполлон" әлі күнге дейін ең қымбат жобалардың бірі саналады. 13 жылда NASA бұл жобаға $23 миллиард жұмсаған.

Дегенмен қазіргі уақытқа дейін Армстронгтың Айға алғаш болып аяқ басқанына күмәнмен қарайтындар баршылық. Ғарышкерлер кемеден тек ұшудың төртінші күні шыққан. Себебі 21 шілде күні ай модулі ажырады. Армстронг пен Олдрин зымыраннан шығып, ту тіккенде тағы бір экипаж өкілі – Коллинз кемеде қалды. 

АҚШ-тың "Аполлон-11" ғарыш кемесінің экипажы (солдан оңға): Нил Армстронг, Майкл Коллинз және Эдвин Олдрин. 30 наурыз 1969 ж. 

Дегенмен біз білмейтін қызық оқиғалар көп. Мысалы, операцияны бір қалыпты өтті деуге келмейді. Ұшу барысында борттық компьютерде бес мәрте апаттық хабарландыру іске қосылған. Бірақ біз білетіндей "Аполлон-11" кемесі Айдағы Тыныштық көліне сәтті қонды. Айға табан тіреген Армстронг: "Бұл адам үшін кішкентай қадам болғанымен адамзат үшін үлкен серпіліс", - деген пікір білдірді. 

Нил Армстронг пен Базз Олдрин Айдың бетінде 2 жарым сағаттай уақыт болды. Ал аппарат Айда жалпы алғанда 21 сағат 36 минуттай тұрған. Ғарышкерлер алдымен АҚШ президенті Ричард Никсонмен екі минуттай сөйлесіп, Ай ландшафтын фотоға түсірді. Сондай-ақ Айдың бетіне сейсмометр мен лазерлі сәуле шағылдырғышты орнатып, ай топырағының үлгілерін алды.

©Matanaga

Ғарыш кемесі Айға қонған сәттен бастап 49 сағат өткенде қайта Жерге бет алды. Айдың бетінде ай модулінің сатысы қалды. Ал онда Жердің картасы бейнеленген және "Бұл жерге Жер ғаламшарының адамдары Айға алғаш рет аяқ басты. Шілде, жаңа заманның 1969-жылы. Біз барлық Адамзат атынан бейбітшілікпен келдік" деген жазуы бар, астына "Аполлон-11" кемесінің үш ғарышкері мен президент Никсонның қолы қойылған тақта орнатылған.

24 шілде күні "Аполлон-11" кемесі Тынық мұхитқа қонды. Ғарышкерлерді эвакуациялау барынша сақтықпен өтті. Себебі мамандар ғарышкерлермен бірге Жерге Айдың микроағзалары келуі мүмкін деп қорықты. Тек 13 тамыз күні ғарышкерлер ел алдына шығып, сөз сөйледі.

Осыдан кейін Айға алты бірдей "Аполлон" қонған. 12 америкалық ғарышкер Жер серігін өз аяқтарымен сезіп көрді. Сол кездегі әлемнің екі бірдей алпауыт мемлекеті – КСРО мен АҚШ ғарышты бағындырудан бәселескен еді. КСРО алғаш болып ғарышқа адам ұшырса, АҚШ қалыспай Айды бірінші бағындырды.

Міне, осы бір елеулі күннен 50 жыл уақыт өтіпті.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
NASA SpaceX миссиясының суреттері
NASA SpaceX миссиясының суреттері
Daily Mail Джордж Флойдты тұтқындау кезінде түсірілген жаңа видео жариялады
Daily Mail Джордж Флойдты тұтқындау кезінде түсірілген жаңа видео жариялады
Коронавирустан айыққандарға пайдалы 5 кеңес
Коронавирустан айыққандарға пайдалы 5 кеңес