Биылғы маусым айы соңғы 140 жылдағы ең ыстығы

Биылғы маусым айы соңғы 140 жылдағы ең ыстығы

NOAA мұхит және атмосфералық зерттеулер Ұлттық басқармасы биылғы маусым соңғы 140 жылдағы ең ыстық ай болғанын анықтады. 

- Маусым айында орташа температура ХХ ғасырдағы көрсеткіштен 0,95 градусқа жоғары болды. Осылайша бұл маусым айы 140 жылдық кезеңдегі ең ыстығы болып тіркелд, - делінген Ұлттық экологиялық ақпарат орталығының мәлімдемесінде.

Ал маусым айының тоғызы күні әлем бойынша 2010 жылдан бері ең ыстық көрсеткіш тіркелген. 

А. Рысдәулет