Жасанды қар қалай өндіріледі?

Жасанды қар қалай өндіріледі?
Фото: thesnowchasers.com

Әлемнің ірі тау курорттары мен қысқы спорт кешендері қыстан өзге уақытта жасанды қар қолданады. Оны арнайы қар зеңбіректері жасайды. Жасанды қар табиғи қардай бола алмайды, әрине. Себебі жасалу технологиясы табиғи қардан өзгеше.

Алдымен, қар жасау үшін су мен суық температура жеткілікті деген мифтен арылып алған жөн. Суды пульверизаторға құйса да жасанды қар емес, ұсақ мұз түйіршіктері пайда болады. Тау шаңғы курорттарындағыдай тегіс қар жасау үшін дәлме-дәл температуралық диаграмма қажет.

Бұлттан жауатын табиғи қар – қатқан судың көптеген кристалдарының қосындысы. Қар зеңбіректерінің де қары дәл сондай. Бірақ зеңбіректерге жеткілікті деңгейде суық орта қалыптастыру керек. Олар аспандағы бұлттың жағдайына түсуі керек. Біраз зеңбірек оны қарапайым тәсілмен істейді. Олар алдымен суық суды сығылған ауада ұстап, ұсақ су түйіршіктерін жасайды. Ең маңыздысы – зеңбірек ішіндегі ауа температурасының диаграммасы мен судың нақты бір температурасы. Түйіршіктер зеңбіректің түбінде әбден қатып барып сыртқа шығарылады.

Бұл – SMI Snow Makers компаниясы жайлы сюжет. Олар Олимпиада ойындарына арнап жасанды қар жасайды. Қар кристалларын алу үшін 3-тен 15 секундқа дейін уақыт жеткілікті екен.

Жасанды қар жасау үшін зеңбіректер минутына 100-500 литр су құртып, бір сағатта 100 текше метр қар жасай алады. Бірақ ол табиғи қарды толығымен алмастыра ала ма?

Зеңбірек технологиясы кей жағдайда қарды қатты, кедір-бұдырлы етіп жасауы мүмкін. Себебі жасанды қардың мінсіз молекуляр симметриясы жоқ. Соның әсерінен жасанды қар жабысқақ, сырғанауға ыңғайсыз келеді. Дегенмен қазір жоғары сапалы қар жасайтын заманауи зеңбіректер бар.

Табиғи қар да күн жылығанда сырғанау үшін қолайсыз болады. Себебі ери бастаған қардың шаңғы-сноубордқа жабысқыш әдеті бар. Мысалы 2018 жылы Пхенчханда өткен Олимпиадада қардың 98 пайызы жасанды болған екен. Себебі ауа температурасы нөлден жоғары болған.

Massaget.kz