Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Дәрігер бес рет ота жасап, алтыншысында ұйықтап қалған

Дәрігер бес рет ота жасап, алтыншысында ұйықтап қалған

Дәрігер бес рет ота жасап, алтыншысында ұйықтап қалған

Қытайдың Гуйян қаласындағы емханалардың бірінде жұмыс істейтін Луо Шанпенг атты дәрігер науқастарға 20 сағат бойы тоқтаусыз 5 рет ота жасаған. Сөйтіп, кезекті ота кезінде ұйықтап қалған. Ұйықтап жатқан дәрігерді медбикелердің бірі суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге жүктеген. Сурет көпшіліктің қызығушылығын тудырып, аз уақыттың ішінде бүкіл әлемге таралып кеткен.

Daily Mail басылымының жазуынша, оқиға былай болған: Луо Шанпенг кезекті жұмыс күнінде 5 рет үзіліссіз ота жасайды. Енді демалуға кетіп бара жатқанда емханаға қолын ет турайтын құрылғыға жарақаттаған науқасты алып келеді. Хирург отаны кейінге қалдыруға болмайтынын біледі де, қатты шаршағанына қарамай, отаны бастап кетеді. Ота жасалады, Луо Шанпенг науқастың жарақатын тіккенен кейін қолын ұстаған күйі ұйықтап кеткен.

«Мен көзімді жұмып дем алғым келген. Бірақ ұйықтап қаламын деп ойламадым», – дейді дәрігердің өзі. 

Бұл сурет WeChat әлеуметтік желісінде қызу талқылануда. Әлеуметтік желіні пайдаланушылар: «Дәрігер ұйықтап жатып та науқастың қолын ұстап тұр» деген сынды қошемет сөздерді айтуда. Дәрігердің айтуынша, қан айналымы дұрыс болуы үшін ол науқас қолын осылай ұстап тұрған. Кейін сол кездегі ота сәтті өткені белгілі болды.

0
Рейтинг: +2

Фото: mix.tn.kz
Қосылған күні: 14 қаңтар, 10:55

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.