- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ресей туралы біз...
Ресей туралы біз білмейтін 10 дерек
Ресей – әлемдегі жер көлемі жағынан ең үлкен мемлекет екені барлығымызға аян. Оның көлемі 17 075 400 квадрат шақырым болып, ол АҚШ-тан 1,8 есе үлкен. Ресейдің жер көлемі шамамен Плутон ғаламшары көлеміне тең. Назарларыңызға Ресей туралы қызықты мәліметтерді ұсынамыз.
1. "Ключевская Сопка" – бұл Еуразия құрлығындағы ең белсенді вулкан. Вулканың жасы шамамен 7000 жыл. Оның биіктігі 4750-ден 4850 м-ге дейін жетеді.
2. Санкт-Петербург метросы – әлемдегі ең терең метро. Оның орташа тереңдігі 100 метр.
3. Санкт-Петербургтегі көпірлер Венеция көпірлеріне қарағанда 3 есеге көп.
4. "Транссибирь" темір жол магистралі – әлемдегі ең ұзын темір жол. Мәскеу мен Владивосток арасын байланыстыратын "Ұлы Сібір" темір жолының ұзындығы 9 228 шақырым. Ол 87 қала мен бірнеше ауылдарды, 8 уақыт аймағын және 16 өзенді кесіп өтеді.
5. Әлемдегі ең терең және тұщы көл – Байкал (Байкөл). Бұл көл Ресейдің Шығыс Сібір аумағында, Буратия Республикасы мен Иркутск облысы шекарасында орналасқан. Көлдің тереңдігі — 1642 метр, ауданы — 31,5 мың шаршы шақырым, ұзындығы — 636 шақырым Жер шарындағы барлық тұщы сулар қорының 22 пайызын осы көл құрайды. Осынша мөлшердегі ішуге жарамды судың бір жерге топталуы табиғаттың қайталанбас ғажайыбы. Суы өте мөлдір, 40 метр тереңдіктегі көл түбін көруге болады, әрі оттегіге бай.
6. Ресейдің мәдениет орталығы болып саналатын Санкт-Петербург қаласында 2000 кітапхана, 221 мұражай, 100 концерт залы, 80-нен артық театр, 80 мәдениет үйі, 62 кинотеатр, 45 галерея ғимараты бар.
7. Мәскеудегі Кремль – әлемдегі ең үлкен орта ғасыр қаласы болып есептеледі.
8. Мәскеу метросының ұзындығы – 379,1 шақырым. Аялдамалар саны – 221.
9. Атақты компьютер ойыны – Tetris-ті ресейлік бағдарламалаушы Алексей Пажитнов 1985 жылы ойлап тапқан.
10. Эрмитаж – әлемдегі ең ірі және ежелгі мұражайлардың бірі. Ол жерде тас ғасырынан бастап біздің дәуірімізге дейінгі 10 миллион өнер туындысы бар. Егер осы өнер туындыларын қалдырмай тамашалау үшін әрқайсысына 1 минут жұмсайтын болсақ, онда мұражайда 25 жыл бойы күніне 8 сағат уақыт жұмсайсыз.
Т. Раушанұлы