Айға ұшу, ғарышты игеру, Марсты зерттеу мұның бәрі соңғы уақытта адам күн жүйесінің толықтай зерттеуді қолға алғанын білдіреді. Адамзат басқа да ғаламшарларда өмір сүруге ынтық. Алдағы уақытта мұны жүзеге асырамыз деп құлшынып отыр. Бұл қаншалықты шындық. Біз басқа ғаламшарларда жасай аламыз ба? Ғалымдар осы мәселелер төңірегінде бас қатырып, басқа ғаламшарларда адамзат нәсілі қанша уақыт өмір сүре алатынын есептеп шықты. Сонымен... Меркурий. Күнге ең жақын және Күн жүйесінің кіші ғаламшарының бірі. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады. Болпанның бір тәулігі Жердің 176 тәулігіне сәйкес.Меркурийдібақылау өте қиын. Бетіндегі температура күндіз +400 дәреже болса, түнде -200 градусқа барады. Болпан ғаламшарында адам 0,001 секунд қана өмір сүре алады. Шолпан күн жүйесіндегі ең кішкентай ғаламшар. Шолпан (Уранды есептемегенде) барлық ғаламшарлар айналатын жаққа кері бағытта, яғни өзінің Күнді айнала қозғалатын бағытына өз осі төңірегіндегі қарсы айналатын болып шықты. Ондағы күндік тәулік шамамен Жердегі 118 тәулікке тең. Бұл ғаламшардың атмосферасының 98 пайызы карбонат ангидрид газынан тұрады. Сосын ол сульфат қышқылы бұлтымен қоршалған. Осындай химиялық зертханада адам бір секунд та жасай алмайды. Сіз Шолпанға бара қалсаңыз 0,94 секундта арғы дүниге аттанып кетеді екенсіз. Ал ол жердегі ауа райы туралы айтпаса да болады +470 градус. Марс. Қызыл ғаламшарда жасау уақыты басқа ғаламшарларға қарағанда ұзақтау. Бұл жерде скафандр болса бірнеше күн, скафандрсыз 80 секунд өмір сүре аласыз. Марс атмосферасының 95 пайызы карбонат ангидрид газынан құралған. Температура: орташа -55 C, экваторға +20 C, Солтүстік полюсте -153 C. Юпитер Күннен 773 миллион шақырым қашықтықта орналасқан, күн жүйесінің ең үлкен ғаламшары. Диаметр бойынша Жерден 11 есе, ал салмағы бойынша 300 есе үлкен. Есеккқырғанның бір жылы Жердің 11 жылына сәйкес, яки ол Күнді 11 жылда бір айналады. Бірақ Юпитерде Жердегідей жыл мезгілдері жоқ, өйткені ғаламшардың белі оның орбитасының жазықтығына перпендикуляр болып тұр. Есекқырғанның Жермен салыстырғанда жылы ұзақ болса, тәулігі өте қысқа. Ондағы бір тәулік 9 сағат 50 минутқа тең. Ғаламшар бетіндегі орташа температура 138 C. Бұл жерде адам бір секунд та жасай алмайды. Ғаламшардың беткі қысымына адам алғаш болып аяқ ізін салуды армандамаса да болады. Себебі ғаламшардың басым бөлігі гелий мен сутегіден тұрады. Сатурн күннен санағанда алтыншы, салмағы мен үлкендігі бойынша Күн жүйесіндегі екінші ғаламшар. Ол Күннен 1429 миллион шақырым қашықтықта орналасқан. Күннен айналу уақыты - 29,46 жыл. Сатурнның басқа ғаламшарлардан айырмашылығы жоқ. Бұл жерде де адамзат өкілі 1 секундтан артық өмір сүре алмайды. Тек Шолпан немесе Марстағыдай улы газдардар есебінен емес, Сатурнда жел жылдамдығы сағатына 1800 шақырымға тең. Себебі ғаламшар өз осі төңірегінде басқалардан қарағанда жылдамырақ айналады. Температура орташа -178 градусқа тең. Уран ғаламшары тығыз сұйықтықпен (су, аммиак және метан қоспасы) қоршалған. Адам бұл жерге қадам қойып үлгермей жатып-ақ (тіпті скафандрда болса да) еріп кетеді. Уран Күн жүйесіндегі ең суық ғаламшар. Орташа температура шамамен -224 градусқа тең. Нептунда дауыс жылдамдығымен бірдей жел еседі. Бұл шамамен сағатына 2100 шақырым. Орташа температура -218 градус. Бұл жерге адамзат қоныстануы туралы ойламаса да болады.