- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Заң және адамгершілік...
Заң және адамгершілік
Американың Калифорния штатында тұратын 95 жастағы ұзын өмір көрген Гипсен атты әжей бар. 2010 жылы 12 айдың бір күнінде ол үй жиыстырып жүріп «Су үстінде еркін ұшқан ұшақ» деген кітапты тауып алады. Кітаптың қыстырма қалтасына қарап, ол біраз тіксініп қалады. Өйткені бұл кітап қайтыс болғанына ұзақ жыл болған шалының 1956 жылы Калифорнияның Амар ауданының кітапханасынан кесімді уақытқа оқи тұруға алған кітабы еді. Ал бұл кітап кітапхананың сақтама кітаптарының қатарынан орын алатын мұрағат екен, қайтару уақытынан тұп-тура 54 жыл асып кеткен!
Гипсен әжей егер бұл кітапты кітапханаға қайтарса, онда 54 жылдық жоғары айып ақшасын төлейтіні даусыз. Ал қайтармаса, ешкім мұны қаузап жатпайтынын әбден білетін. Бірақ, әжей ұзақ жыл жолдас болған шалының қателігін өз мойнымен көтеруге бекіді. Екінші күні ол кітапты «Амар кітапханасына» алып барды. Лаура атты кітапхана басқарушысы оны қабылдады. Әжей Лаураға кітапты табыс етіп жатып :
- О дүниелік болған шалымның қателігі үшін кітапхана қызметкерлерінен кешірім сұраймын, әрі айып ақшаны өтеуді қабылдаймын, – дейді.
Үш күннен кейін, Гипсен әжей кітапхананың айып талонын тапсырып алады. Қағазда былай деп жазылыпты: «Кітапхананың белгілемесі бойынша қайтару уақытынан ұзақ уақыт асып кеткен осы кітаптың айып ақшасы 2701 АҚШ доллары, дер кезінде келіп, заң бойынша төлем төлеуді қабылдаңыз. Гипсен әжей еш сөзге келмей қол қояды, әрі кітапханаға барып айып соманы тапсырады. Әжей айып соманы тапсырып болып кетуге ыңғайланғанда, кітапхана басқару қызметкері Лаура әжейге кітапхананың тағы бір үкімін жариялайды. Онда былай деп жазылған: «Гипсен әжейдің өз еркімен кітапты қайтару әрекеті адалдық әрі адамды тебірентетін жәйт, сол үшін кітапханамыз әжейді 2701 АҚШ долларымен сыйлады, оның бұл рухы мадақтауға татиды».
Бір журналист кітапхана бастығынан алған сұхбатында:
- Не үшін айып соманы кешіре салмайсыздар? Алдымен айып төлетіп, соңынан неге сыйлық бердіңіз? Бұл бәрібір ұқсас шешім емес пе? – дейді. Кітапхана бастығы:
- Айып сома төлету заңды. Қателік жасаған адам ешқашан заң құрығынан құтылмақ емес. Сол үшін бұл айып ақшаны ол сөзсіз тапсыру керек. Ал, үздік оқырмандарға сыйлық жасау – кітапханамыздың өз құқығы, айып пен сыйлық екі басқа дүние. Бұл екеуінің орнын ешқашан ауыстыруға болмайды, - дейді.
Заң мен адамгершілік екеуі екі бөлек дүние. Адамгершілік заңға бағынғанымен, заң ешқашан адамгершілікке бағынбайды. Міне, бұл Америка заңы.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: realizeyourpeak.com
Қ. Қауымбек