Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Әлемдегі ең терең көл

Әлемдегі ең терең көл

Әлемдегі ең терең көл

Әлемдегі ең терең және тұщы көл – Байкал (Байкөл). Бұл көл Ресейдің Шығыс Сібір аумағында, Буратия Республикасы мен Иркутск облысы шекарасында орналасқан. Дүние жүзі картасынан көз салсаңыз, Ресей жеріндегі Ай бейнелі  Байкалды қиналмай тауып аласыз. 

Көлдің тереңдігі — 1642 метр, ауданы — 31,5 мың шаршы шақырым, ұзындығы — 636 шақырым. Байкал көлі тұщы суы, флорасы мен фаунасының сан түрлілігі арқылы әлемге танымал. Көл суының жалпы көлемі — 23 мың куб шақырым. Бұл Арал теңізінен 23 есе, Азов (Азау) теңізінен 92 есе көп. Баргузин, Чыркуй, Провал аталатын 3 ірі шығанағы мен Әулие Тұмсық түбегі бар. Көлде 27 арал болса, олардың ең үлкені—Ольхон (730 км²). Көлге 336 өзен келіп құяды. Олардың ірілері: Селенга, Баргузин, Жоғары Ангара, Турка, т.б. Ал көлден бір ғана Ангара өзені ағып шығады. Байкалға құйылатын судың 50 пайызы Селенга өзенінен келеді. Ең биік су деңгейі тамыз-қыркүйек айларында орын алады, ал ең төмен деңгейі наурыз-сәуір айларында байқалады. 

Ғұмырын Байкал көлін зерттеуге арнаған атақты Г.Ю. Верешчагиннің есептеуіне қарағанда, көлге ешқандай өзен құймай тұрғанның өзінде Ангара Байкалдың суын тауысуы үшін 400 жыл ағуы керек екен. 

Көлде өсімдіктердің 850, жануарлардың 1400 түрі бар. Бұл жердегі өсімдіктердің 133 түрі, жануарлардың 848 түрі басқа жерлерде кездеспейді. Байкал, сондай-ақ, ежелгі жаратылыстардың табиғи мұражайы ретінде белгілі. Бұл жерге жоғарыда атап кеткен эндемиктердің келгеніне 5 миллион жылдан асқан екен. 

Жер шарындағы барлық тұщы сулар қорының 22 пайызын осы көл құрайды. Осынша мөлшердегі ішуге жарамды судың бір жерге топталуы табиғаттың қайталанбас ғажайыбы. Суы өте мөлдір, 40 метр тереңдіктегі көл түбін көруге болады, әрі оттегіге бай.

Қыс мезгіліндеа, яғни қаңтардан мамырға дейін, Байкал мұзға айналса, тек Ангара өзеніне жақын 15-20 шақырым жер ғана қатпайды. Ақпан айында мұздың қалыңдығы көл ортасында 1 метр, жағалауға жақын жерлер 1,5-2 метрге дейін қатады.

0
Рейтинг: +1

Фото: wikipedia.org
Қосылған күні: 08 тамыз, 16:49
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.