Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Көктен құлап түскен акула тірі қалды

Көктен құлап түскен акула тірі қалды

Көктен құлап түскен акула тірі қалды

Ұзындығы 60 сантиметрден асатын акула АҚШ-тың Сан-Хуан-Капистрано қаласындағы гольф алаңына құлап түскен. Аталған аймақ Тынық мұхиты жағалауынан 8 шақырым жерде деп хабарлайды Chicago Tribune газеті.

Басылым бетінде жазылғандай, су жыртқышы көктен түскен San Juan Hills гольф-клубының қызметкерлері одан қорықпай, гольф-мобильге салып, клуб ғимаратындағы суға салыпты.

Қызметкерлердің бірі Брайан Стайзер: «Мен жыртқышты суға салған кезімде ол қимылсыз 2-3 секунд жатты да, қозғала бастады. Ал мен оны өлдіге санағанмын» дейді.

San Juan Hills гольф-клубының директоры Мелисса Маккормактың айтуы бойынша, бұл оқиға соңғы жылдардағы ең тылсым құбылыс. Сонымен қатар, клуб басшысы бұл оқиғадан соң келушілер көбеймесе, азаймайтынын айтып өтті.

Ал зоолог ғалымдар мұны ешқандай да тылсым құбылыс емес дейді. Олардың ойынша, акула аса үлкен болмағандықтан, ірі жыртқыш құстардың бірі оны су бетінен іліп әкеткен. Бұл болжамның басты дәлелі су жыртқышының бойындағы тырнақ іздері болып отыр.

Әбден азаптанып, соңында тірі қалған акуланы Брайан Стайзер тынық мұхитының жағалауына апарып, суға жіберген.

Америкалықтардың аң-құстарға деген аяушылық сезімінің жоғары екенін білсек те, Америка жеріне соншама биіктіктен құлап түскен жыртқыш балықтың тірі қалатыны үш ұйықтасақ та түсімізге кірмейтін шығар, бәлкім...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: nevseoboi.com.ua

2614 6
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 26 қазан 2012, 12:41
Пікірлер
+0
26 қазан 2012, 17:46

"Америка жеріне соншама биіктіктен құлап түскен жыртқыш балықтың тірі қалатыны үш ұйықтасақ та түсімізге кірмейтін шығар, бәлкім..." :lol: :lol: мына сөйлемдеріңіз қызық екен. Оған таңқалатын несі бар екен?! Құлаған акуланың түсімізге кіруі және кірмеуінің еш маңызы жоқ сияқты.

+0
26 қазан 2012, 21:08

Тірі қалса болар әйтеуір...

+0
26 қазан 2012, 22:46

Өліп қалса да бірдеңе өзгере қояр ма екен:)

+0
27 қазан 2012, 12:47

Оған таңқалатын несі бар екен?! дейді? Сонда сіздің ауылда күнде акула көктен жауа ма? Соншама биіктіктен құлаған балықтың өлмей қалуы күнделікті дүние ме? "Мал өрістен қайтты" дегендей қылып жаза салмауым керек шығар енді :)

+0
26 қазан 2012, 23:37

"көктен құлаған акуланың парша-паршасы шығып, ішек-қарны шашылып, гольф алаңы ал қызыл қанға боялды" дегеннен жақсы емес пе? ;-)

+0
29 қазан 2012, 09:06

мықты екен қорықпай көтеріп жүрген

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...