Әлемнің сусыз өзендері

Әлемнің сусыз өзендері
Фото: google.kz

Әлемде сусыз өзендердің бар екенін және олардың ойлағандарыңыздай аз еместігін білесіздер ме? Назарларыңызға жер бетінде кездесетін ерекше құбылыстарың бірі құрғақ өзендер жайлы қызықты мағлұматтарды ұсынамыз.

Сонымен мұндай өзендер көбіне шөлді жерлерде кездеседі. Оларды "вади" деп атайды. Аталған өзендерде су тек жаңбыр жауған кезде ғана пайда болады. Ал басқа уақытта жай ғана құрғақ шұңқырларды көруге болады. Өзен түбіндегі жұмыр, қиыршық тастарға қарап, ылғалды кезеңдерде суы толық өзен болуы мүмкіндігін айтуға болады. Кейбір вадилердің ұзындығы жүздеген километрден, тіпті одан да ұзын болып жатады.

Бірақ, бұл өзендердің атауы әр жерде әр қалай аталып жатады. Мысалы, Аустралия елінде құрғақ өзен арнасын вади деп атайтын болсаңыз, сізді ешкім дұрыс түсінбейді. Ол жақта мұндай өзендерді "крики" деп атайды. Ал Солтүстік Америкада халқы "уэд" дейді. 

Тағы да бір қызық жайт, Қытайда және Орталық Азияда тәулігіне 10 метрден аса қашықтыққа ауыса алатын өзен арналары бар. Олар негізі оңай бұзып кете алатын тау жыныстарында, ормандарда немесе құмды жерлерде ағады. Санаулы сағат ішінде су ағыны өзеннің бір жиегін шайып өтсе, екніші жиекте су ағыны бәсеңдейді. Нәтижесінде өзен арнасы жылжып отырады. Мысалы, Орталық Азияда орналасқан Әмудария өзені тәулігіне 10-15 метрге жылжиды.

 

Г. Берік