Ғылымның өзі айтады: мысық асыраңыз

Ғылымның өзі айтады: мысық асыраңыз
Фото: aroundpet.ru

Қазақтың қалыптасқан күнделікті тыныс-тіршілігінде үй жануарын үйде асырау салты жоқ. Дегенмен жеті қазынаның бірі ретінде ит асырайды.  Иттің сыртта өз үйшігі болады. Үйге кіріп кетсе, «кет» деп қуып шығады. Ал мысық ше? Еуропаның қандай фильмін алмасаңыз, байынан бастап кедейіне дейін мысық асырайды. Бұл жарнама ма, әлде шынымен де бір пайдасы бар ма? Бұл ақпаратқа ғылым тілі өзінше жауап берді. 

Күнделікті сергек жүріп, денсаулығыңыздың бір қалыпты болғанын қалайсыз ба? Мысық асыраңыз. 

1. Жүрегіңіз сізге рақмет айтады 

Өмір болған соң түрлі жағдайлар орын алады. Ең жаманы – күйзеліс. Ал үйде мысығыңыз болса, бұл дерттен ада боласыз. Мысық адамның күйзелісін басады. Ал күйзеліс болмаған жерде жүрек – тыныш. Кешке жұмыстан шаршап не ашуланып келген кезде мысықты алдыға алып отырып, оның еркелету арқылы өзіңіздің жүйкеңізді тыныштандырасыз, қала берді жүрегіңізге де ауыр салмақ түсірмейсіз. 

Жүрек ауруына шалдыққандардың көбі (әсіресе шет елде) үйлерінде мысық асырайды. 

2. Сүйек пен бұлшықет қатаяды 

Бұл қалай? Ғалымдардың айтуынша, мысықтардың «мияулап» дем шығару кезінде бөлінетін жиілік – 20-140 Гц. Ал денедегі бұлшықет пен сүйектің қатаюына 18-35 Гц арасындағы дыбыс жиілігі әсер ететіндігі ғылыми түрде дәлелденген. Тек сізге мысықты еркелетіп, оның «мияулауын», демін шығаруын ғана қадағалау керек. 

3. Ер адам үшін мысықтың қандай пайдасы бар? 

«Қыздың көзі қызылда» дейтін сөз бар. Осы бір сөздің екінші әдісі ерлердің құлақтарына алтын сырға, үй жануарын бағу. Қыздар мысық, ит сынды үй жануарын бағатын, оларға қарайтын ерлерді жақсы көреді. Ғылым тілімен айтқан кезде, олардың мінезінде артық шалыс жоқ, мейірімді келеді. 

4. Адамдармен қарым-қатынасыңыз артады 

Миссурий университетінің ғалымдары жасаған тәжірибе нәтижесінде, мысықтар – аутизм ауруымен ауратын балалар үшін таптырмас үй жануары. Себебі ол адамдармен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Тек аутизм дертімен ауратын балалар ғана емес, жалпы мысық адамдардың арасындағы қарым-қатынастың жақсы жаққа бұрылуына тікелей әсер етеді. 

5. Иммунитет үшін де маңызды 

Мысықтар ауада тарайтын инфекциялардың алдын алады және адамның иммунитетін көтеруге көмектеседі. Әсіресе бүлдіршіндердің қасынан табылғаны жақсы. Әлі балғын иммунитетке бактериялардың тез жұғатыны анық. Ал мысықтар бұл жамандықтың алдын алады. 

6. Аллергия болмайды 

Егер үй жануарына, соның ішінде, мысыққа деген табиғи аллергияңыз болмаса, мысық өзге аллергия қоздырушы таяқшалардың болмауын қамтамасыз етеді. Себебі оның тынысынан бөлінетін ауа бактерияларды өлтіреді. 

7. Психологиялық жағынан да түзелесіз 

Бірнеше жыл бұрын британияның Cats protection компаниясы 600 адамға сауалнама жүргізген. Тең жартысы – мысық асырайтындар және мысық асырамайтындар. Нәтижесінде мысық асырамайтындардың психологиясында ауытқу пайда болған. 

8. Жалғыз қалмайсыз 

Жалғыздық – адам баласының ішкі жан дүниесіндегі ең жаман дерт. Ал үйде мысық асырасаңыз, сіз бұл қиындықтан құтыласыз. Себебі мысық сізге жалғыздық атмосферасын сездіртпейді. 

9. Ақылды боласыз: сенесіз бе? 

Ғалымдардың дәлелдеуінше мысық асыраған адамдардың белгілі бір деңгейде интеллектуалды қабілеті қалыптасады. 

10. Ұйқыңыз қанық болады 

Мысық өзі де ұйқыны жақсы көретін үй жануары. Егер қасыңызды мысық сізбен бірге көрпе үстінде немесе аяқ жақта ұйықтаса, сіздің де ұйқыңыз тыныш болады. 

Қазақ пен мұсылмандар үшін де мысықтың орны бөлек. Мәселен біздегі түсінік бойынша, мысық адамның ауырып тұрған жеріне барып ұйықтайды және сол жерге өзінің ыстығын өткізеді. Тіпті, осы әрекеттен кейін құлан-таза айығып кеткендер бар. 

Сіз мысық асырайсыз ба? 

М. Ақан