Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Әлем елдерінің үйлену салттары-2

Әлем елдерінің үйлену салттары-2

Әлем елдерінің үйлену салттары-2

Жер шарындағы әр түрлі елдердің үйлену салттары жайлы әңгімемізді жалғастырамыз.

Албанияда келіншек тойдан кейін үш күн бойы толықтай тазалық (тән мен жан тазалығын) ұстап жүруі керек. Теріс күштер оның адал ниетін осыдан байқайтын болған.

Армиян халқының қонақжайлығы соншалықты, тойдың дүбірлеген дауысын естіп келген кез келген адамды тойдың төріне отырғызады екен.

Үйленуді жоспарлап жүрген американдық жас үндістер қызға құда түсу үшін елеулі ерлік жасап, ата-анасын таңдандырады, егер жасаған іс-әрекеттері қыздың туыстарына ұнамаса, қызды да әйелдікке ала алмайды. Сондықтан, үндіс халқы өз ұлдарын батыр, ержүрек етіп тәрбиелеп шығаруға тырысады.

Аустралиялық тайпа өкілдері той алдында қалыңдықтарын қуады. Қалай дейсіз бе? Олар өмір сүретін орта – нулы орман. Қыз сол орман арасында тығылып жүріп қашады да, жігіт оны іздеп тауып алып, тойға көтеріп алып келеді.

Болгарияда үйлену туралы ұсыныс жасау үшін көп сөз шығындап жатудың еш қажеті жоқ. Бар-жоғы қызды алмамен ұру жетіп жатыр. Яғни, қызға алма лақтыру "әйелім болшы" деген ұғымды біліреді.

Германияда қызды әкетуге келген құдалар, есіктің аузына келгенде ыдыс сындыратын болған. Олардың сенімі бойынша, сынған ыдыс – жаңа шаңыраққа сәттілік алып келеді. Той біткен соң, жас жұбайлардың қолына бөрене мен ара беріледі. Екеуі бірлесіп бөренені арамен кесулері қажет, бұл – бірлескен жаңа отбасының құрылғанын нышандайды.

Шотландияда неке қию рәсімінен кейін күйеу жігіт қалыңдықтың иығына торлы орамал жабады да, түрлі күміс бұйымдар қадалған түйреуіштерді қадайды. Орамалдың түсі – күйеу жігіттің жаңа өмірінің түсін білдіреді. Яғни неғұрлым жарқын болған сайын, жаңа шаңырақ бақытты болады деген сөз.

Англияда қалыңдық өзінің шыдамдылығын көрсету үшін өте ауыр болып келетін шіркеу сандығының қақпағын көтеруі керек.

Гректік үйлену тойлары өзінің «ақша» атты билерімен танымал. Той үстінде қалыңдық пен күйеу жігіт ортаға шығып билейді. Ал келген қонақтар оларға ақша қыстырады. Қай жақтың құдалары көп ақша салса, мәртебесі де соғұрлым жоғары болмақ.

Шешендік келіншектер той кезінде бір бұрышта бетін жасырған күйі отырады. Келген қонақтар келіншектен бір шыны су сұрап, ақысына көлемді ақша береді екен.

Африка халықтарының қыздары тұрмысқа шықпас бұрын әбден семірулері керек. Ол үшін қыздың туыстары бір ай бойы қызды бір үйшікке қамап, алуан түрлі тағамдар алып келіп береді.

Үндістан халқының жігіттері ағашқа да үйлене береді екен. Қалай дейсіз бе? Өте қарапайым. Қазақ халқындағы ежелден келе жатқан дәстүр секілді, оларда да кіші ұл үлкенінен бұрын үйлене алмайды. Ал кішіге жол беру үшін үлкендері ағашқа үйленеді. Той біткен соң, ағашты кесіп тастайды. Бұл келіншектің өлді дегенін білдіреді.

Жалғасы бар...

Суреттер:katerinaktokuda.livejournal.com,doseng.org,diana-indigo.livejournal.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

12212 9
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 18 қазан 2012, 19:20
Пікірлер
+0
18 қазан 2012, 20:25

Англияда қандай біртүрлі дәстүр! :roll:

+0
18 қазан 2012, 22:05

|мен англиялық қыз болсам, тұрмысқа өмірі шыға алмайтын сияқтымын)))

+0
19 қазан 2012, 20:08

ондай ауыр затты өмірімде көтере алмаспын))

+0
18 қазан 2012, 22:32

Болгарияда үйлену туралы ұсыныс жасау үшін көп сөз шығындап жатудың еш қажеті жоқ. Бар-жоғы қызды алмамен ұру жетіп жатыр. Яғни, қызға алма лақтыру "әйелім болшы" деген ұғымды біліреді. :D :D

+0
19 қазан 2012, 08:56

үндістанда ужас қой

+0
19 қазан 2012, 15:56

:lol: :lol: :lol:

+0
20 қазан 2012, 01:18

Ағашы нес құрсын? ужс ужс :lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...