- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ежелгі Мысыр өркениеті...
Ежелгі Мысыр өркениеті неден жойылды?
Ежелгі Мысыр өркениеті әлі күнге дейін таңғажайып құпиялар мен құнды қазыналарға толы. Ал бұл өркениеттің құлдырап, жойылуына не себеп болғаны жайлы түрлі деректер кездеседі.
Жақында Халықаралық зерттеушілер тобы Ежелгі Мысыр өркениетінің жойылуына жанартаудың атқылауы себеп болғаны жайлы сараптама жасады. "Nature Communications" журналында жарияланған мақалада біздің дәуірімізге дейінгі 44 жылы Мысырды Клеопатра басқарған тұста жер қыртысының әрбір аймақтарында жанартаулар жойқын атқылаған. Ыстық газ бен күл муссондық циклді бұзып, Ніл өзенінің суын азайтқан. Ал егіншілікпен айналысатын халық үшін табиғаттың бұл тосынсыйы шаруашылықты біржола тоқтатқан.
- Жанартаудан шыққан күл мен түрлі газдар климаттың өзгеруіне әкелген. Ніл өзенінің суы тартылып, елде ашаршылық басталған. Мысыр өркениетінің құлдырауына бірден-бір себеп болған фактор – осы, - дейді зерттеушілер.
Айта кетейік, Мысыр өркениетінің адамзат тарихында алар орны айрықша. Тамаша ғимараттардың, әсіресе пирамидалардың салынуына қарап математика, геометрия сияқты ғылым салаларының қаншалықты сатыға көтерілгендігін айқын аңғаруға болады. Ең көне сағаттар - су мен күн сағаттарын алғаш жасаушылар да осы мысырлықтар болатын. Астрономия ғылымымен қатар, медицина ғылымы да өз дамуында зор табыстарға жеткен.
О. Сансызбай