Тынық мұхитындағы үлкен қоқыс аралы жеке мемлекет деп жарияланбақ

Тынық мұхитындағы үлкен қоқыс аралы жеке мемлекет деп жарияланбақ
Фото: vk.com

Тынық мұхитындағы үлкен қоқыс аралы жеке мемлекет деп мойындалмақ. Бұл идеяны ұсынып отырған энтузиастар командасы әлі ресми бекітілмеген мемлекеттің өз паспортын,  валюасы мен маркаларын ойлап тапты. Олар осы қадам арқылы табиғат ластануын әлі күнге дейін маңызды мәселе ретінде қарастырмай жүрген барша мемлекет басшыларына ой салуды мақсат етеді.

Тынық мұхитындағы үлкен қоқыс аралы — түрлі антропогенді қоқыстар мен қалдықтар жиынтығы. Жобаны Майкл Хаджес пен Дал Эванс Де Альмейда есімді жарнама мамандары ұйымдастырып отыр. Идея қоқыс аралының көлемі Франция аумағындай болғанын естіген кезде пайда болыпты.

"Әлем елдерінің басшылары бұл мәселеге қажет деңгейде назар аудару үшін дәл осылай істемесе болмайды. Осыдан кейін көңіл аудармаса, бұл шешімін таппайтын үлкен мәселеге айналмақ ", - деді Хаджес.

А. Оралқызы