Майя өркениеті туралы сіз білмейтін 5 дерек

Майя өркениеті туралы сіз білмейтін 5 дерек
Фото: liveinternet.ru

Олар кімдер, нені қалады, қайда кетті...

«Майя тайпасы», «майя халқы», «Майя өркениеті» деп аталатын тіркестер адамзат баласы үшін таңсық емес. Себебі күні бүгінге дейін бұл тіркестер ғалымдарды қызықтырып келеді. Бірақ ғалымдар зерттеу жасағанымен, қарапайым адамдар білмейтін түрлі қызық бар. Ендеше сіз бен бізге беймәлім Майя өркениетіне сапар шегейік.

Майя жұртының өздеріне тән технологиялары болған

Майялықтарда екі бірдей қазіргі күнге тән технология кездеседі: дөңгелек және металдан жасалған аспаптар.

Археологтардың қазба жұмысы кезінде тапқан жәдігерлеріне қарасаңыз, майялықтардың цементті қалай құю керектігін білгенін көруге болады. Одан бөлек олар өте күрделі оталарды жасай білген. Мәселен жанартау атқылау кезінде қалған қалдық тастар арқылы адам денесіне ота жасаған. Ал ғалымдарды таңдандырып отырғаны, сол кездегі құралдардың қазіргі кездегі үлгісінің болуы.

Суда жүзуді де білген

Майя өркениетіне үңілсек, бұл халық су астында да, үстінде де жүзіп білген. Жай жүзу емес, теңізге шығып, географиялық негізді қалау үшін Азиядан Америка құрлығына барған деген деректер де бар.

Майялықтарда ғарыш кемесі болған жоқ, бірақ байланыс болған

Бұл қалай? Иә, өркениетті Майяның ғарышқа баратын кемесі болмаған. Бұл кейінгі қаншама мыңжылдақтан кейінгі жаңа технологияның жемісі ғой. Бірақ ең қызығы олардың ғарышпен байланысы болған. Яғни зерттеу орталықтары мен сарайлары салынған. Себебі өркениетті жұрт астрономия ғылымын жетік меңгеруге ұмтылған. Ал бұл сөзімізге куә болатын зерттеу орталығы, Юкатан аралында орналасқан ғимаратқа тән. «Эль-Караколь» деп аталатын ғимаратты ғалымдар «ғарышқа байланысқа түкен обсерватория» деп атайды. Ғимараттың биіктігі 15 метр Ғимарат Венера орбитасына негізделіп құрастырылған. Олар үшін Венераның рөлі ерекше. Күнтізбелері мен адамды құрбандыққа шалатын мерекелерінің бәрін осы ғарыштық түсінік арқылы қалыптастырып отырған.

Майялықтар уақыттың не бастау не аяқталу нүктесі еместігін адамзаттан бұрын білген

Өркениетті Майя жұрты үш бірдей күнтізбе пайдаланған: азаматтық күнтізбе, Хааб күнтізбесі, Цолькин күнтізбесі.

Хааб күнтізбесі 18 ай 20 күнмен есептелген. Онда 360 күн жылына айналып отырған. Ал Цолькин күнтізбесі бойынша 20 ай 13 күн болса, онда жылына 260 күн бар деп түсіндірілген. Олардың күнтізбесі бойынша уақыт еш жерден басталмаған, еш жерден аяқталмаған. Мәңгі бір айналымда айналып, қайталанып отырған.

Майя жұрты әлі де бар

Зерттеушілердің көбі бұл тайпаны жерден жойылып кеткен деп есептейді. Ал шындығында олар арамызда бар. Солтүстік Америкада олардың өмір сүру ортасы бар. Тіпті сандары да белгілі болған. Алты миллион майялықтар жер бетінде әлі де болсын өмір сүреді. Бірақ бұл тайпаны заманға ерген жаңа майялықтар деп атауға болады. Ең қызығы, олар ата-бабалары жайында қандай естелік айтар екен...

М. Ақан