Гонконг Қытай емес

Гонконг Қытай емес
Фото: votpusk.ru

Гонконг деген Қытайдың бір қаласы деп білеміз. Бірақ олай емес! Гонконг пен Қытай екеуі екі бөлек әлем деп айтуға толық негіз бар. Тарихқа үңілейік. Гонконг – 1997 жылдан бастап Қытайдың ауданы. Оған дейін 1842 жылдан бастап Ұлыбританияның қол астында болған. Қытай Гонконгтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және ішкі саясатына араласады, қалған мәселелерді жергілікті билік шешеді. 

Гонконгтың 95 пайыз халқы – қытайлар. Олар Қытайдың басқа ауылдарынан келіп, осында шоғырланған. Тұрғындар этникалық қытайлар болса да, шығыс пен батыстың мәдениеті араласқандықтан, Гонконг мәдениеті өзіндік әлем ретінде қалыптасқан. Халқының басым бөлігі батыста білім алған. Гонконг тұрғындары өте білімді әрі еңбекқор. 

Гонконгтің тілі негізінен кантон тілі. Бұл жақта үштілділік саясаты орнаған. Кантон, ағылшын, қытай тілдері ресми тіл болып есептеледі. 

Гонконгты Гонконг Администрациясының бас министрі басқарады. Ұлыбританияның қол астында болған кезінде ел басшысын Ұлыбритания патшайымы таңдайтын болған. Гонконг Администрациясының бас министрін 800 адамнан тұратын сайлау комитеті тағайындайды. Мемлекеттік қызметкерлерді Гонконг Администрациясының бас министрі не болмаса сайлаушылар таңдайды. Гонконг заңында саяси, мәдени, экономикалық тұрғыдан тәуелсіз екені жазылса да, Қытай Гонконгтің ішкі мәселелеріне ықпалын тигізеді.

Гонконг – Қытайдың арнайы администрациялық ауданы. 

М. Оңғарова